Басты » Редакция таңдауы » ШЫМКЕНТТІК АЗАМАТША ЖОҒАЛҒАН 200 МЫҢ ТЕҢГЕНІ ТАУЫП ИЕСІНЕ ҚАЙТАРДЫ

ШЫМКЕНТТІК АЗАМАТША ЖОҒАЛҒАН 200 МЫҢ ТЕҢГЕНІ ТАУЫП ИЕСІНЕ ҚАЙТАРДЫ

     Шымкенттік азаматша жоғалған 200 мың теңгені тауып иесіне қайтарды. Оқиға түскі сағат 16:00 шамасында болған. Назар Мұхаметқали қаладағы сұлулық салондарының біріне келіп шашын қысқартқан. Ол осы аралықта 200 мың теңгесін түсіріп алған. Ал, жоғалған ақшаны сұлулық салонының маңынан өтіп бара жатқан қала тұрғыны тауып алыпты. Ол ақшаны дереу салон әкімшісіне апарып берген. Мекеме қызметкерлері болса дереу іздестіру жұмыстарын жүргізіп, ғимараттың бейне-бақылау камерасын тексерген. Араға аз уақыт салып ақша жоғалтқан азамат анықталды.

Назар МҰХАМЕТҚАЛИ, Астана қаласының тұрғыны

 – Шышымды қысқартып болғасын асығыс сыртқа шықтым. Сол кезде қалтамдағы ақша түсіп қалыпты. Бірақ, мен оны мүлде байқамаппын. Тек үйге келгенде ғана ақшамның жоғалғанын білдім. Бұл біздің отбасылық бюджетіміз еді. Оны әйеліме қалай айтарымды білмедім. Ақша қаланың бір жерінде түсіп қалды деп ойлап, іздемедім. Садақа кетсін дедім. Басқа амалым жоқ. Арадан алты сағат өткенде телефоныма салон қызметкерлері хабарласып, ақшамның табылғанын айтты. Қуанышымда шек жоқ. Барлығыңызға алғысым шексіз.

     Назар Мұхаметқали осыдан шамамен 6 ай бұрын Астанадан Шымкентке қоныс аударған. Ол мұндай жағдайдың өмірінде алғаш рет болғанын айтады. Ал, 200 мың теңгені иесіне қайтарған тұрғын сұхбат беруден бас тартты. Телефонмен хабарласқанымызда мұндай қадамға кез-келген шымкенттік тұрғынның бара алатынын айтып қысқа қайырды.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*