Басты » Редакция таңдауы » АЖАРЫНАН АЙРЫЛҒАН АРУ КӨМЕК СҰРАЙДЫ

АЖАРЫНАН АЙРЫЛҒАН АРУ КӨМЕК СҰРАЙДЫ

     23 жасар бойжеткенге пластикалық ота жасауға миллиондаған қаржы қажет. Тоғай ауылының тұрғыны Мәдина Садуова жол апатына ұшырап, көлікпен бірге өртке оранған. Салдарынан денесінің 35 пайызын 4 деңгейлі күйік басқан. Мәдинаның ажарын қалпына келтіруді дұға етіп отырған ата – анасының ендігі үміті халықта.

     Бұл Мәдина Садуованың бір жыл бұрын түскен суреттері. Ол Шымкент қалсындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институтын тәмәмдаған. Басты арманы анасы секілді бастауыш сынып оқушыларына дәріс беру еді. Алайда, оның арманын жол апаты алыстата түсті. Себебі, оқиға кезінде оның 35 пайыз денесі күйік шалған. Отандық дәрігерлер бойжеткенді аман алып қалу үшін оған 15 шақты операция жасаған. Өкініштісі ажарынан қайтарып беру мүмкін болмаған. Сондықтан ол пластикалық ота жасатуға мәжбүр. Мамандардың сөзінше оның келбетін қалпына келтіру үшін бірнеше рет ота жасауға тура келеді. Ал, бір ғана отаның құны 5 миллион теңге. Ондай қомақты қаржы болмағандықтан, енді ол бар үмітті жаны жомарт жандарға артуда.

 Мәдина САДУОВА

  • Қолдарынан келсе, қолдарында ақшалары бар болса, маған көмектессінші. 1 операция құны 5 миллион. Бірақ дәрігерлердің барлығы бір операциямен бітпейді деді. Көмектессе екен маған.

     Мәдина Садуова Шардара қаласындағы Тоғай ауылының тұрғыны. Айтуынша оның тұрмыс құрғанына небәрі 9 ай болған. Басына тиген соққының қатты болғаны сонша, ол жадынан да айрылған. Туыстарының сөзінше, жол апаты орын аларда көлікті өзінің күйеуі басқарып келе жатқан. Көлікте одан бөлек Мәдинаның енесі, жеңгесі және оның қызы болған. Жол апаты кезінде Мәдинаның жолдасы мен жеңгесі оқиға орнында тілге келместен жан тапсырған. Қатты соққыдан есінен танған Мадина жанған көліктің ішінде қалып қойған. Ол бұл туралы бір аптадан кейін Шардара қаласындағы ауруханада есін жиғанда бір-ақ білген. Өзіне келген соң оны дәрігерлердің айтуымен санавиация арқылы Шымкент қаласына шұғыл түрде жеткізеді.

Мәдина САДУОВА

  • Дәрігерлер қарады мені. Екі рет бардым, жаттым Шымкентте. 15 шақты операция жасады. Бастапқыда осы жерде бір апта жаттым бірақ есімді жимағанмын. Орынбаев атындағы күйік орталығына санавиациямен алып кетті, сол жерде бір-ақ есімді жиғанмын. Біздің істейтініміз барлығы осымен бітті. Біз бұдан артық жасай алмаймыз. Әрі қарай біз жасасмаймыз бірақ деді.

     Зоя Есенбекова Мәдинаның анасы. Айтуынша қызына 15 шақты ота жасалған. Бірнеше рет пышаққа түскен Мәдина тіпті жүруден де қалған. Оны қайта аяққа тұрғызу үшін қолдан келгеннің бәрін жасағанын айтады анасы.

Зоя ЕСЕНБЕКОВА Мәдинаның анасы

  • Ол жақта үш ай қыбырламай жатты шалқасынан, үйге келгеннен кейін тағы бір ай жатты. Тіпті секундтап орнынан тұрғанға қуанғанбыз. Мадина жарты минут, бір, минут міне бүгін екі минут деп, әйтеуір папасы екеуіміз екі жағынан ұстап, тәй тәй бастырып жүргіздік шүкір.

      Сауапты іс жасап, Мәдинаға көмек беруге ниеттілер мына нөмірге хабарласуға болады. Шот нөмірі: KZ 415631615AA0071772 (Казпошта)

ЖСН (ИИН) 940129400826

Телефон: (QIWI) 8778 283 70 22

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*