Басты » Редакция таңдауы » “БІЛЕКТІ БІРДІ ҒАНА ЖЫҚПАЙДЫ”

“БІЛЕКТІ БІРДІ ҒАНА ЖЫҚПАЙДЫ”

Білекті бірді ғана жықпайды. Бұл сөзімізге өңіріміздің құрыш білекті балуаны Қыдырғали Оңғарбаев қара күші дәлел. Ол бірқатар халықаралық жарыстардың чемпионы болып, еліміздің мақтанышы атанды. Тіпті, оның шеберлігіне шет елдік тұрғындарда таңырқап, жерлесімізді ғаламтор жұлдызына айналдырды.

     Ғаламторды шулатып, білегінің күшімен елді елең еткізіп, талайды таңқалдырған міне осы жігіт – Қыдырғали Оңғарбаев. Ол кореяда өткен тунирде «алаң патшасы» атанып, кәрістің 37 спортшысын қатарынан жеңіп, ел абыройын асқақтатты. Әлеуметтік желілерде кеңінен тараған бейнематериалда, турнирде түсірілген. Бүгінде жерлесіміз төрткүл дүниені өзіне қаратып, көптің алғысына ие.

     Қыдырғали Оңғарбаев — Шардара қаласының тумасы. Спорттың қол күресімен 10 жасынан бастап айналысады. Тынымсыз еңбегі, тыңғылықты жаттығуының арқасында 20 жасар батыр, бүгінге дейін Қазақстанның 4, әлемнің 2 дүркін чемпионы атанды.

      Көзбен көрмей сенбеймін. Арнамыздың тілшілері де орайлы сәтті ұтымды пайдаланып, спортшымен күш сынасып, мүмкіндігін байқады. Осылайша, журналист мырзалар тепсе темір үзетін Қыдырғалидың жігерлігіне таңдай қағып, бүгінгі күннің Қажымұқаны деді.

      Алып денелі, қапсағай жігіт, 12 ақпанда Швецияда өтетін турнирге дайындық үстінде. Сонымен қатар, жерлесіміз қыркүйек айында Индонезияда жалауын көтеретін байрақты бәсекеге қатысып, жеңіске жетпек ниетте.

Таңшолпан НЫШАНБАЙ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*