Басты » Білім » ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНА ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

61bef160-b412-4719-96da-dc7247a1046f

ОҚО білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Облыс әкімінің өкімімен Сағындықов Исатай Өмірзақұлы облыстық білім басқармасының басшысы болып жаңа қызметтің тізгінін ұстады. Жаңа басшыны білім басқармасының ұжымына облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков таныстырып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Исатай Өмірзақұлы 1960 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша математик, педагогика ғылымдарының кандидаты, төрт тілді меңгерген білікті азамат. Бұған дейін бірнеше мемлекеттегі елшілікте қызмет еткен.
Ұлттық мемлекеттік білім және тест орталығы директорының орынбасары және осы орталықтағы басқарма басшысы қызметтерінде атқарған. 2015 жылдың тамыз айынан бүгінгі күнге дейін Түркіменстандағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің кеңесшісі лауазымында еңбек еткен.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*