Басты » Қоғам » ҚЫТАЙЛЫҚТАР ОҢТҮСТІКТЕ КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫН САЛМАҚШЫ

ҚЫТАЙЛЫҚТАР ОҢТҮСТІКТЕ КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫН САЛМАҚШЫ

16_08_2-3-mp4_snapshot_00-55_-2017-08-16_17-55-10

ОҚО-да қытайлық кәсіпкерлер күн электр станциясының құрылысын бастамақ. Бұл туралы қытайлық «Циндао Бэйхай» компаниясының арнайы өкілі Минг Ие Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевпен кездесуінде мәлім етті. Кездесу барысында жергілікті билік аталған жобаны жүзеге асыруға қажетті 300 гектар жер телімін бөліп, барлық инфрақұрылымдық қажеттіліктермен қамтамасыз етіп беретін болып келісілді. Сондай-ақ екіжақты келісімге сәйкес станцияны «Күннұры» деп атау ұйғарылды. Бүгінде облыстың экономикалық даму қарқыны жоғары, аймақта өндіріс орындары көптеп ашылып, инновациялық бағдарламалар жүзге асырылып жатыр. Осының барлығы электр энергиясына деген сұранысты арттыратыны сөзсіз. Энергетикалық қауіпсіздік ең алдымен энергетикалық тәуелсіздікке байланысты екенін ескерсек, Оңтүстік өңірінде баламалы энергетика нысандарын салу аса маңызды болып отыр. Кездесу қорытындысына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Жамалов пен қытайлық «Циндао Бэйхай» компаниясы өкілі Минг Ие екіжақты энергетика саласы бойынша инвестициялық жобасын іске асыру жөнінде меморандумға қол қойды. Тараптар инвестициялық жобалардың өзара тиімділігін ескеріп, жобаны іске асыруға дайын екенін білдірді.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*