Басты » Спорт » СУ СПОРТЫ КЕШЕНІ САТЫЛҒАН ЖОҚ

СУ СПОРТЫ КЕШЕНІ САТЫЛҒАН ЖОҚ

22_08_2-2-mp4_snapshot_00-33_-2017-08-22_18-01-56

Орталық су спорты кешені жеке меншікке өткен жоқ. Елбасының жаңа бағдарламасы бойынша кешен сенімгерлік басқармасына сеніп тапсырылды. Өткен аптада осы ғимаратты сенімгерлікке беру мақсатында тендер ойнатылған болатын. Бастапқыда 1 миллиард 213 миллион теңгеге бағаланған хауыз нәтижесінде 1,5 миллиардқа сатылды. Әзірге кешенді кім алғаны белгісіз. Спорт және дене шынықтыру басқармасы басшысының айтуынша кешен арнайы талаптар бойынша сенімгерлікке тапсырылған. Ондағы басты ережелер қатарында қызметкерлер орындарының сақталуы және келушілерге бағаның өзгертілмеуі. Егер аталған талаптар орындалса, сондай-ақ міндет атқарушы басқарма бақылауын ойдағыдай атқарса, 10 жылға берілген кешен сенімгердің жеке меншігіне өтеді.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*