Басты » Тараусыз » ШЫМКЕНТ-ШАЯН ТАС ЖОЛЫНДА КӨЛІК АПАТЫ БОЛЫП 5 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

ШЫМКЕНТ-ШАЯН ТАС ЖОЛЫНДА КӨЛІК АПАТЫ БОЛЫП 5 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

24_08_2-18-mp4_snapshot_00-13_-2017-08-24_17-51-33

Бәйдібек ауданында жантүршігерлік жол апаты тіркелді. Екі көліктің бетпе-бет соқтығысуынан 5 адам қайтыс болды. Олардың төртеуі сол жерде тіл тартпай кетсе, біреуі аудандық ауруханада көз жұмған. Қайғылы жағдай «Шымкент-Шаян» тас жолында болған. Облыстық ішкі істер департаменті қызметкерлерінің айтуынша, жол апатына «Ауди» автокөлігінің жүргізушісі кінәлі көрінеді. 44 жастағы Бәйдібек ауданының тұрғыны өзінің жеңіл көлігіне 9 адамды мінгестіріп алып, жолдың қарама-қайшы жағына шығып кеткен. Сол кезде қарсы жақтан келе жатқан Мерседеспен соқтығысыпты. Мұнан бөлек, 1982, 1988, 2010, 2011 жылы туылған жолаушылар мен 52 жастағы «Мерседес» маркалы көлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақатымен ауруханаға түскен. Жапа жеккендердің арасында Жамбыл облысының тұрғыны да бар. Қазір, оқиға орнында анықтау жұмыстары жүргізілуде. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*