Басты » Қылмыс » ОҢТҮСТІКТЕ 300 ЖАСӨСПІРІМ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛҒАН

ОҢТҮСТІКТЕ 300 ЖАСӨСПІРІМ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛҒАН

08_09_2-4-mp4_snapshot_01-06_-2017-09-08_17-35-37

Оңтүстікте жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық дерегі артуда. Соңғы ақпарға сәйкес биыл 300-ге жуық жасөспірім қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіште өсім байқалады. Сондықтан жастар арасындағы заң бұзушылық санын азайту үшін облыстық прокуратура қызметкерлері түрлі жобаны іске асыруда. Негізгі бастаманың бірі жастармен кездесу ұйымдастырып, оларға құқықтық ережені түсіндіру. Бүгінде осындай кездесу Мұхтар Әуезов атындағы ОҚМУ-да өткізілді. Шараға заң саласындағы 1 курс студентттері түгел қатысты. Бұдан басқа өңірімізде облыстық прокуратураның мұрындық болуымен „ Лайықты ұрпақ тәрбиелейік„ жобасы жұмыс істеп келеді. Басты мақсат қоғамда орын алып жатқан қылмыстың алдын алу. Сондай-ақ құқықбұзушылықтың себебін анықтау болып отыр.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*