Басты » ТКШ » ҚАЛА ӘКІМДІГІ МҰРАЖАЙ САЛУ ҮШІН “ЕСКІ ШАҺАРДЫ” СҮРІП ТАСТАМАҚ

ҚАЛА ӘКІМДІГІ МҰРАЖАЙ САЛУ ҮШІН “ЕСКІ ШАҺАРДЫ” СҮРІП ТАСТАМАҚ

14_09_2-18-mp4_snapshot_00-39_-2017-09-18_09-42-50

«Ескі шаһар» тұрғындары берілетін өтемақы көлеміне көңілдері толмай отыр. Қазақпараттың мәліметіне сүйенсек, Шымкенттіктер бұл жерден ашық аспан астындағы мұражайдың салынатынына қарсы емес. Қаланың бас жоспарына сәйкес, қолға алынған ауқымды жобаның жүзеге асырылуында қолдайды. Дегенмен «үйлері мен жер телімдеріне әкімдіктегілер 7-8 млн теңге көлеміндегі қаржыны ұсынуда. Бағаны азсынғандар егер үйдің құнын дұрыс есептейтін болса, онда ортақ келісім жасасуға болатынын айтады. Қалай болғанда да әкімдіктің шешімі бойынша ескі қалашықтағы 73 нысан сүріледі. Ондағы бір-біріне өте тығыз орналасқан үш көше бұзылады деп жоспарланған. Сөйтіп, бас-аяғы 29 гектар жер тазартылады. Мамандардың сөзінше, ашық аспан астындағы мұражайдың бір жағынан Дінмұхамбет Қонаев атындағы даңғыл түседі. Жаңа жоба қаланы одан әрі дамытуға негізделген. Сондықтан, осындағы тұрғындарға ескерту хат берілген.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*