Басты » Білім » ДЕПУТАТТАР ӨҢІРДІҢ БАС ҰСТАЗЫН СҰРАҚТЫҢ АСТЫНА АЛДЫ

ДЕПУТАТТАР ӨҢІРДІҢ БАС ҰСТАЗЫН СҰРАҚТЫҢ АСТЫНА АЛДЫ

18_09_2-1-mp4_snapshot_03-42_-2017-09-18_10-18-09

Білім басқармасының басышысы алдымен білім жүйесіне биыл енген өзгерістерге тоқталды. Аптаның алты күнін мектепте өткізетін оқушылар бұдан былай бес күн ғана оқып, сенбі күні тек факультативті дәрістерге баратын болады. Одан соң, 45 минут болып келген дәрістің 5 минуты қысқартылған. Ал, бұрын алтын белгі ҰБТ қорытындысына қарап берілсе, енді оны мектептің өзі шешетін болады.

Исатай Сағындықов ОҚО білім басқармасының басшысы.

– „ Мектептер оқулықпен 100 пайыз қамтылған. Дегенмен оқулық бойынша Оңтүстік Қазақстанға ғана тән бір проблема бар. Оны білім министрлігіне айттық. Біздің өңірде ғана тәжік және өзбек мектептері бар. Жаңа буын оқулықтарын жасауға қаражат бөлінбеген. Мұғалімдердің күшімен аударуға тырысып жатырмыз . Бірақ сапасы күман келтіріп жатыр.

Жаңа басшы алдағы уақытта баға қойылатын журналдарды түгел электрондандыруды көздейді. Сосын облыстағы білім сапасы әр мектепте әр түрлі. Не себепті екеніне талдау жасаған мамандар бір айға оқуға кеткен мұғалімдердің немен айналысатынына күманданады.

Исатай Сағындықов ОҚО білім басқармасының басшысы.

Барлығына бірдей біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылса да білім деңгейі төмен? Сөйтсек, бір айға оқуға кеткендер шынын айту керек немен айналысатыны белгісіз. Тапсырма бердім тиісті мамандарға. Сол жерге баратын мұғалімдердің бірінші дұрыстап таңдап жіберу керек. Екіншіден біліктілігін арттыруға ғана бару керек басқа нәрсемен айналысуға емес».

18_09_2-1-mp4_snapshot_00-39_-2017-09-18_10-17-32

Исатай Сағындықовтың көңіліндегі күманды сейілту үшін, ұстаздар білімдерін сынақ арқылы дәлелдеуге көшуі мүмкін. Содан соң мектептердің жетіспеушілігі сезіледі өңірде. Өткен жылы үш ауысымды 43 мектеп болған. Баяндамасын аяқтай салысымен сауал қоюға әзірленген депутаттар сұрақты қарша боратты. Облыстық мәслихаттың депутаты Мұрат Төлтебаевтың мектеп жетіспеушілігі жайлы сауалына бас ұстаз мектеп жетіспейді екен деп демографиялық өсуді тоқтата алмайтынын ашып айтты.

Исатай Сағындықов ОҚО білім басқармасының басшысы.

– «Кеше де болды, бүгін болды, ертең де болатынына мен сөз берем. Себебі, құдайға шүкір Оңтүстік Қазақстанда демографиялық процесс жақсы жүріп жатыр. Мектеп жетпей жатыр екен деп демографияны тоқтата алмаймыз. Демографияны жеңе алмаймыз».

Ал, Депутат Әбілқасым Досболовтың ұстаздар арасындағы ақша жинау, ата аналардың мұғалімдерге пара беру мәселесін көтергенде бұл проблемаға өзінің де қиналатынын айтқан, білім басшысы қоғамдағы сыбайластықпен біріге күресуге шақырды.

– «Қоғамдағы ол мәселені білім басқармасы шешу керек болса, қолдан келгенді жасайды. Бірақ бұл қоғамдағы мәселе. Ешкім зорлап ата анаға сен апарып бер деп айтпайды. Сосын бердім деп өздері мойындайды. Маған ешкімнің ақшасы керек жоқ. Өз басыма жауап бере аламын. Біз өзімізден бастасақ. Сізге ұнамаған сияқты маған да ұнамайды бұл мәселе. Ал осыған жинап берейік деп маған жинаса олардың өзі жазасын алады. Отырып алып сынай бермей біріге күресуге шақырамын».

Осылайша халық қалаулылары білім реформасындағы өзекті жайттарды електен өткізді. Ал, басқарма басшысы, өңірдегі білім сапасын дамытуға аянып қалмайтынын жеткізді.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*