Басты » Қоғам » “НҰР ОТАН” ПАРТИЯСЫ КАДР РЕЗЕРВІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ІРІКТЕП ЖАТЫР

“НҰР ОТАН” ПАРТИЯСЫ КАДР РЕЗЕРВІНЕ КАНДИДАТТАРДЫ ІРІКТЕП ЖАТЫР

«Нұр Отан» партиясы кадрлық резервін толықтырып жатыр. Іріктеу меритократия принципі бойынша өткізіледі. Яғни, барлық ережеге сай келетін үздіктердің үздігі ғана резервке алынады.

18_09_2-9-mp4_snapshot_01-16_-2017-09-18_13-02-46

Себебі, олар мәслихат депутаттығына, партияның саяси және қоғамдық кеңесінің мүшелігіне ұсынылатын бірінші тұлға болмақ. Сондай-ақ, кандидаттар аймақтық, аудандық болып екіге бөлінеді. Қойылатын талап қатал. Мәселен, аудандық резервке ұсынылатын кандидат кем дегенде 1 жыл партияның мүшелігінде болуы тиіс. Онымен қоса, жоғары білімді, партиялық бағыттар бойынша сіңірген еңбегі және 2 жыл жұмыс өтілі болуы шарт.

18_09_2-9-mp4_snapshot_00-04_-2017-09-18_13-02-24

СНХ: Қалима ЖАНТӨРЕЕВА, «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ төрағасының орынбасары

– “Әр резервшіге нақты іс-қимыл жоспарлары бекітіледі. Ол оны орындауға міндетті. Нақты іс-қимыл жоспарында әлеуметтік маңызды міндеттер, партия алға қойған мақсаттар мен жобалар, қаншалықты қолдайтыны, қаншалықты белсенді жұмыс жасайтыны бағаланып отырады. Жоспардың маңызды бір тармағы партияның саяси мектебінде білімін толықтыру. Ұйымдастырылған семинарларға қатысып, тест тапсырады. Содан кейін ғана жұмыс жасайды”.

Жалпы, өткен жылы Оңтүстікте 240 резервші таңдалып алынған. Оның 200-і аудан қалалардан іріктелсе, 40 кандидат облыстық деңгейдегі азаматтар. Арасында педогог, экономист, бухгалтер, журналист, заңгерлер бар. Ал биылғы жылы 50 үміткер өтініш беріп, тестілеуден кейін межелік бал жинаған 10 азамат тізімге алыныпты. Дегенмен өңірде кадрлық резервке өтініш берген әйелдер саны 15 пайызды ғана құраған. Мамандар алдағы уақытты бұл көрсеткішті 30 пайызға арттыруды көздеп отыр.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*