Басты » Редакция таңдауы » ПОЛИЦЕЙЛЕР ПЛАНШЕТПЕН АЙЫППҰЛ ТОЛТЫРУДЫ БАСТАДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР ПЛАНШЕТПЕН АЙЫППҰЛ ТОЛТЫРУДЫ БАСТАДЫ

Жол ережесін бұзған жүргізушілерге толтырылатын хаттама, енді электронды форматқа өткізілуде. Алғаш рет қолға алынған жоба аясында полиция қызметкерлеріне электронды хаттама толтыру планшеті мен принтері берілді. Енді полицейлер, қағазбастылықтан құтылып, уақыттарын үнемдейтін болады.

18_09_2-6-mp4_snapshot_00-53_-2017-09-18_13-33-30

Технология дамыған заманда айппұл жазылатын хаттама да электронды нұсқаға көшуде. Бұл ыңғайлы, әрі уақыт жағынан ұтымды болмақ. Егер ереже бұзған жүргізушінің жеке сәйкестендіру нөмері планшетке енгізгілсе, жеке дерекқордағы оның барлық ақпараты шыға келеді. Мамандар бұл жұмыстың сапалы атқарылуына септігі мол деп отыр.

Ләззат БАЛДАМБАЕВА, «ҚР БП КС және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ОҚО бойынша басқармасы» ММ аға прокуроры

– Жобаның мақсаты әкімшілік іс жүргізуді қағаз жүзінен электронды форматқа ауыстыру. Әрине электронды форматтың тиімді тұстары өте көп. Біріншіден, жұмыс уақытын үнемдейді. Екіншіден, қағазбастылықтан айырады және деректердің барлығы нақты әрі шынайы болады.

Бұған дейін, полиция қызметкері, жүргізуші туралы ақпарат алу үшін, рациямен байланысқа шығатын. Енді оның қажеті шамалы. Өйткені, бар ақпаратты планшеттен көруге болады.

18_09_2-6-mp4_snapshot_01-16_-2017-09-18_13-33-46

Адырбек АҚЫЛХАН ОҚО ІІД ЖПП инспекторы

– Мына тоқтатылған автокөліктің жүргізушісі автокөлік басқару кезінде қауіпсіздік белдігін тақпаған. Ол үшін біз жүргізуші мырзаға планшеттің көмегімен әкімшілік хаттама толтырамын.

Электронды хаттама жоғалмайды және жойылмайды. Оған түзету енгізуге де болмайды. Себебі, протоколдағы ақпарат дерекқорда сақталады. Сондай-ақ, төленген айыппұл автоматты түрде мұрағаттан өшіріледі. Бұл жобаның бастамасы ғана. Алдағы уақытта сақтандыру қағазы мен техникалық байқау құжаты туралы мәліметте осы планшетке енгізілмек. Бұдан бөлек, болашақта айыппұлды алысқа ұзамай-ақ банк картасы арқылы төлеп кетуге мүмкіндік тумақ.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*