Басты » ТКШ » “СУ РЕСУРСТАРЫ МАРКЕТИНГІ” ТҰРҒЫНДАРДЫ ТАҒЫДА АЛДАП КЕТТІ

“СУ РЕСУРСТАРЫ МАРКЕТИНГІ” ТҰРҒЫНДАРДЫ ТАҒЫДА АЛДАП КЕТТІ

Шыдамның да шегі бар. Қысымен батпақ кешіп, жазымен шаң жұтқан Клара Цеткин көшесінің тұрғындары тағыда шу көтерді. Олар үш жылдан бері тас-талқаны шыққан жолдың жөнделмей жатқанына наразы. Ашынған жұрт бұл жолы түрлі сылтау айтып, сытылып кететін жауаптыларды жағадан алды. Ал, айыптылар әдеттегідей уәде беріп, ұзақ уақыт бітіре алмаған ісін, бір айда тындырамыз деп тарқасты.

19_09_2-6-mp4_snapshot_00-04_-2017-09-19_18-42-05

– Лоток бар еді жолдың жағасында. Оның быт шытын шығарып кетті.

Ия, халық ашулы. Тақтайдай тегіс жолдың тас- талқаны шыққанына тура үш жыл толды. Осы уақыт аралығында тұрғындар не көрмеді десеңізші. Алажаздай шаң жұтып, жаңбырлы күні белшесінен батпақ кешті. Мердігердің жауапсыздығынан ауыз сусыз қалып, тіпті көгілдір отыннан қағылған кездері болды. Ал, қоғамдық көліктің жайы бір бөлек. Ой-шұқыры көп көшемен автобус тұрмақ, жеке таксилер жүрмейді қазір.

Юнусали ЮЛДАШЕВ, К.Цеткин көшесінің тұрғыны

– Қазір үйге тартып жатыр канализацияны. Күнде үш-төрт сағат су өшіп қалады. Жұмысшылар судың құбырын жарып жібереді. Өткенде бардым. Әй жігіттер бүгін туған күнім. Суды қосып беріңдер десем водоканалға звондады. Сөйтсем 15 мың берсең қазір қосып берем дейді.

Көшенің жайын айтып тұрғындар талай есікті қаққан. Талай басшының жасаймыз деген уәдесінде алған. Ал, мердігер мекеме де, тапсырыс беруші де жиналыс сайын асфальт төсейміз деп құтылады. Бірақ, бұл жерден техника түгілі, күрек ұстаған жұмысшыны жолықтыра алмадық.

Бахарам АБДУКАРИМОВ, ОҚО мәслихатының депутаты

– Мына көшені үш-төрт жыл бұрын жасаттық. Бірақ водоканал канализацияны ауыстырам деп быт- шытын шығарып қазып тастады. Әлікүнге дейін істеп жатыр. Бірақ олардың міндеті жасау. Бұл вопросты облыс әкімі де, қаланың әкімі де біледі. Просто водоканалдың түкіргені бар көпшілікке.

19_09_2-6-mp4_snapshot_02-42_-2017-09-19_18-42-48

Расыменде, «Су ресурстары-маркетингінің» халыққа түкіргені бар сияқты. Өйткені мамыр айында өткен жиында тұрғындар орталық кәріз жүйесіне қосылу керек деген болатын. Ол үшін жеңілдік жасап, жаны ашыған сыңай танытты. Тіпті жолдың осынша уақыт жөнделмей жатқанына жаны ауырып, ұялып қалған болатын.

Бейсенғали ҚАЛМҰРЗАЕВ, «Су ресурстары маркетингі» ЖШС басшысының орынбасары

– Біз дайынбыз асфальт төсеуге. Бұлай жатқаны бізгеде ұят. Қашан айтқанбыз апрель майда төсейміз деп. Күтейік. 15 июньге дейін. Болмаса асфальт төсеп бастаймыз. Бірақ кейін подключение жасамаған тұрғындар қосылғысы келсе өзі қалпына келтіреді жолды.

Ал, қазір Бейсенғали Қалмұрзаев дегенінен жаңылып, абоненттердің жағдайына бас ауыртпайтынын ашып айтты.

Бейсенғали ҚАЛМҰРЗАЕВ, «Су ресурстары маркетингі» ЖШС басшысының орынбасары

– Алтын Дәннің арғы жағында білмеймін неше абонент барын. Олар қосыла ма қосылмай ма бәрібір. Асфальт төсей саламыз.

Бір қызығы, Клара Цеткин көшесін екі мердігер қазған. Тапсырыс берушіде екеу. Енді, кінәні бір- біріне сілтеген жауаптылардың жұмысты сапалы жасайтынына жұрт сенбейді. Оған себепте бар. Мәселен, өткен жылы асфальт төселген Қапал батыр көшесінің бүгінгі сиқы мынау. Көп уақыт өтпей қайта жөнделіп жатыр.

Марат ИМАНҚҰЛОВ, «Grantel» ЖШС өкілі

– Жасап береміз. Қалай болды бұрын солай қыламыз. Осы жұмада бастаймыз.

Осылайша, жиынға келген шенді-шекпенділер жасаймыз деп тағыда уәде берді. Бірақ, бұл кезекті алдау дейді ашынған халық. Сондықтан жоғарыда отырған ағалар бұл былыққа көз жұмып қарамай, кінәлілерді қатаң жазалауды сұранады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*