Басты » Қоғам » ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН АРАСЫНДА САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫ АРТАДЫ

ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН АРАСЫНДА САУДА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫ АРТАДЫ

Қазақстан мен Өзбекстан арасында сауда-экономикалық байланысы артады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өзбекстан Республикасына жасаған іс сапары аясында 10 маңызды құжатқа қол қойылды. Қазақстандық ресми делегацияның құрамында ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев та болған. Сондай-ақ Ташкентте екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен қазақ-өзбек бизнес форумы ұйымдастырылды. Стратегиялық серіктестер соңғы уақытта алыс-берісті барынша ұлғайтқан. Дәлірек айтсақ, жарты жылдықта көрші елдер тауар айналымын төрт есеге жоғарлатты.

19_09_2-3-mp4_snapshot_00-16_-2017-09-19_19-13-33

Өзбекстан мемлекеті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен қазақстандық делегаттарды сән-салтанатымен қарсы алды. Жыл басынан бері екі Президент алты рет кездескен болса, төрт рет Шавкат Мирзиёев Қазақстанға ресми сапармен келген болатын. Нәтижесінде екі ел арасында жаңа поезд бен автобустар қатынап, кедендегі акциздік төлем алынып тасталды. Сондай-ақ жаңа бекеттерде ашылған болатын. Бұл жолы Елбасының жұмыс сапырында 10 маңызды құжатқа қол қойылды. Оның бірі өңір басшысы Жансейіт Түймебаев сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара түсіністік туралы Ташкент және Сырдария облысының әкімдерімен ынтымақтастық меморандумы болып отыр.

Сондай-ақ Ташкентте екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен қазақ-өзбек бизнес форуымы ұйымдастырылды. Кездесуге қазақстандық 300-ден астам кәсіпкер қатысқан. Іс сапар барысында қос ел Президенті қазақстандық тауар өндірушілердің көрмесін тамашалады. Үш күнге созылған көрмеде 50-ден астам ірі компаниялардың экспортқа арналған өнімдері қойылған болатын. Олардың қатарында ұн және сүт өнімдерін өндіруде көшбасшы кәсіпорынның бірі – «Алтын Дән» ЖШС-гі мен цемент өндіретін «Шымкент цемент» және «Стандарт цемент» зауыттары да бар. Шара аясында Сарыағаш ауданындағы Жібек-Жолы шекара бекетін модернизациядан өткізу жобасы таныстырылды. Құны 18 млн АҚШ долларын құрайтын жоба іске асса, екі ел шекарасынан тәулігіне 30 мың адам емін-еркін өте алады екен.

19_09_2-3-mp4_snapshot_01-26_-2017-09-19_19-14-54

ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК – ҚР ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРІ

Көрші елмен қоян қолтық жұмыс істеу Оңтүстік кәсіпкерлері үшін қолайлы болмақ. Өйткені Өзбекстан елі 30 млннан астам тұтынушысы бар ең жақын нарық.Айта кетсек, форумға тек Күнгейден өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы бастаған 150 кәсіпкер қатысты.

АДХАМ ИКРАМОВ – ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САУДА ПАЛАТАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

– “Соңғы ақпарға жүгінсек, бүгіннің өзінде 270-тен астам қазақстандық компания Өзбекстанда жұмыс істесе 150-дей өзбек бизнесмені біздің елде кәсібін дөңгелетіп жүр. Соңғы 8 айда екі елдің тауар айналымы 35 пайызға өсіп 1,3 миллиард долларға жеткен. Ендігі нақты меже 2020 жылға дейін 5 миллиардқа дейін арттыру. Жиында өңірлік бизнемендер тауарды шекрадан өткізіп саудалау кезінде кейбір салықтарды алып тастау туралы ұсыныс білдірді”.

ТАЛҒАТ ЫСҚАҚОВ – «БАЛТЕКСТИЛ» ЖШС-нің ДИРЕКТОРЫ СНХ: НҰРЖАН ӘЛТАЕВ – «АТАМЕКЕН» ҰКП ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Іскерлік жиында құны 1,2 млрд АҚШ долларын құрайтын бірнеше келісімдер түзілді. 200-ден астам дәрі-дәрмек шығарумен айналысатын отандық «Химфарм» акционерлік қоғамы өз өнімін енді Өзбекстанға да экспорттайтын болады. Елбасының іс сапары аясында қос ел арасындағы іскерлік қатынас ғана емес, мәдени байланысты да нығайтылады. 2018 жыл Өзбекстанның Қазақстандағы жылы деп жарияланады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*