Басты » Білім » БАСТАР ЕСҚАРАЕВ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ҚАТЕ ЖАЗАТЫНДАРДЫ СУРЕТКЕ ТҮСІРІП, ГАЗЕТКЕ ШЫҒАРМАҚШЫ

БАСТАР ЕСҚАРАЕВ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ҚАТЕ ЖАЗАТЫНДАРДЫ СУРЕТКЕ ТҮСІРІП, ГАЗЕТКЕ ШЫҒАРМАҚШЫ

Бастар Есқараев қазақ тілінде қате жазатындармен күреспекші. Басқарма басшысы аудан-қалаларды аралап, ана тілінде дұрыстап жаза алмайтын мекемелерді суретке түсіріп алмақ. Оны әлеуметтік желіде жариялап, дүйім жұрттың алдында ұялтамын дейді. Ол, тілдің тағдырына бей жай қарайтын кейбір азаматтарды осылай жөнге салмақ.

20_09_2-6-mp4_snapshot_00-35_-2017-09-20_12-24-21

Тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасына жаңадан тағайындалған басшы жұмысына білек сыбана кірісіп кеткен. Ол бірінші кезекте аудан-қалалардағы көше атауларын тәртіпке келтірмек. Айтуынша, енді көше кез-келген адамның атымен аталмайды. Тек, жалпы ұлтқа танымал тұлғаның есімімен белгіленеді. Сондай-ақ, Кеңес үкіметінен қалған атаулар түгел ауыстырылады.

Бастар ЕСҚАРАЕВ, ОҚО тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасының басшысы

– “Көшелерді нөмірлеугеде рұқсат берілген. Ол заңға қайшы емес. Жаңа айттым ғой үкіметтен хат келді. Сол бойынша жалпы ұлтқа танымал тұлғалардың есімі беріледі көшеге. Сондай-ақ жыл соңында әдістемелік құрал беріледі. Сол жерде нақты көрсетіледі”.

20_09_2-6-mp4_snapshot_00-16_-2017-09-20_12-24-34

Көшенің жайын дұрыс жолға қойған Бастар Есқараев, енді мемлекеттік тілде қате жазатын мекемелердің соңына майшам алып түспек. Өйткені көпшілік қазақ тілінде еркін сөйлегенімен, жазу кезінде орфографиялық қате жібереді екен. Оған басқарма басшысының өзіде куә болған. Қазір сол мекемелерге ескерту жасалып, кемшілікті түзеуге 10 күн уақыт беріліпті.

Бастар ЕСҚАРАЕВ, ОҚО тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама басқармасының басшысы

– Мен өзім күресемін олармен. Қасыма маман алып, фотоаппаратпен аралаймын. Қате жазылған жазу көрсем, суретке түсіріп алып, әдейі ұялтпақшымын. Өйткені айтылған сөз сөз күйінде қалып кетеді. Орындамаса газетке жариялап жіберемін.

Жаңа қызметтің тізгінін ұстаған басшы әлі алда атқаратын шаруа көп дейді. Мәселен архивті толықтай электронды жүйеге көшіріп, халыққа қолайлы жағдай жасау. Сондай-ақ тіл жайыда назардан тыс қалмақ емес. Қазіргі таңда облыстың 92 пайызы мемлекеттік тілді біледі. Онымен қоса ағылшын, орыс тілін тегін оқытатын курстардың жұмысы жетілдіріліп, елге сапалы қызмет етпек.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*