Басты » Тараусыз » ЗАҢСЫЗ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНЫҢ ЖОЛЫ КЕСІЛДІ

ЗАҢСЫЗ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНЫҢ ЖОЛЫ КЕСІЛДІ

Заңсыз тасымалдаумен айналысатын жүргізушілердің кесірінен жол көлік апаты орын алуда. Мамандар оның алдын алу үшін «Заңсыз жолаушылар тасымалына жол жоқ» атты акция өткізуде. Мұндағы мақсат, қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін сақтау. Өңір тұрғындарына заңды және заңсыз тасымалдаушылардың қызметін айыра білуге түсінік беру.

20_09_2-10-new-mp4_snapshot_00-14_-2017-09-20_17-34-30

Қазіргі уақытта жолаушылар тасымалы күрделі мәселеге айналған. Десе де, жауапты мамандар, бұл түйткілді проблеманың шешімін тауып келеді. Мәселен, аудан, облыс аралығында қатынайтын шағын автобустарға арнайы логотип белгілері бар жапсырма қағаздар іліп, оларды заңдастыруды қолға алған. Сондай ақ, қызмет көрсетуші автотұрақтардағы кез келген жүргізуші барлық тексерістен өткізілетін болған.

Әлназар ЖАНЫСБАЕВ, «РАФ» ЖШС директоры

Біздің тасмалдауымызға бөгет бола алмайды. Бұрын алдымызға тұрып алып, қалай болса солай жүре беретін. Ешқандай заңға қарамайтын олар. Ал қазір барлығы заң аясында тәртіппен жүретін болды.

Шымкент көлік прокуратурасы мен ОҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы түсіндіру шараларын мұнымен тоқтатып қоймайды. Мақсат: халықтың қауіпсіздігін ескере отырып, арнайы бақылаудан өткен мекеменің қызметіне жүгіндіру. Статистикалық мәліметтер бойынша қоғамдық көліктердің қатысуымен орын алған жол көлік апаты 25 пайызға төмендепті.

20_09_2-10-new-mp4_snapshot_00-59_-2017-09-20_17-34-22

Дархан БАЙЖАНОВ, ОҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы

– 2017 жылдың тамыз айында 19 рейдттік іс-шара жасалды. Соның ішінде 168 хаттама толтырылды. 1 млн 900 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Бүгінге дейін тексеру жүргізген мамандар, 820 дан астам заңсыз жолаушы тасымалдаушы көліктерді анықтаған.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*