Басты » Білім » ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫ “АҚЫЛДЫ РОБОТ” ЖАСАП ЖАТЫР

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫ “АҚЫЛДЫ РОБОТ” ЖАСАП ЖАТЫР

Алғаш рет Шымкент мектептері робототехника бойынша балаларды оқытуды бастады. Ол үшін бюджеттен 2,5 млн теңге қаржы бөлініпті. Қазірдің өзінде 75 білім ошағында жүзеге асқан жаңа жоба факультативті пән ретінде өткізіледі.

20_09_2-15-mp4_snapshot_01-29_-2017-09-20_17-50-24

Робототехника пәні енгізілген білім ошақтарының тізімінде №17ші Ломоносов атындағы қазақ- орыс жалпы орта мектебі де бар. Оқу жылы басталысымен ақ, ұстаздар 6 мен 8-ші сынып аралығындағы оқушылардың тізімін жасапты. Сөйтіп робот құрастырудан дәріс беретін екі ұстаз 36 баланы оқытуды бастаған. Сенбі күні бір сағат қосымша пән ретінде жүргізіледі. Биыл алғаш жүзеге асқан жобаны мектеп басшысы Сәулен Адырбекқызы қуана қабылдаған. Себебі, оқушылардың ой өрісінің дамуына ықпал етеді.

Сәулен ЫСҚАҚОВА, №17 М.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің директоры

– “Балалардың математика, физика, информатика сабақтарында балаларды есептерді шығаруы кезінде, роботты жинау өте жақсы әсер берді. Мен соны байқадым. Яғни балалардың логикалық ойын дамытады екен”.

Робот құрастыруға деген балалардың қызығушылығы басым дейді ұстаздар. Өткен жылдың өзінде Назарбаев зияткерлік мектебінде өткен робототехника жарысынан дәл осы оқушылар жеңімпаз атанған. Жас ғалымдар болашақтарын робототехника саласымен байланыстырады.

20_09_2-15-mp4_snapshot_00-58_-2017-09-20_17-50-13

Нұржігіт МАХАМБЕТ, 8-сынып оқушысы

– “Робот дегеніміз қазіргі медицина, ғылым, ғарыш саласында кеңінен қолданылады. Біз математика, физикадағы есептерді шығара отырып, олардың атқаратын қызметін біліп отырмыз”.

Мектепте қазір маман тапшылығы сезілмейді. Программист ұстаздар робототехнианың қыр сырын қосымша оқып келген. Назарбаев зияткерлік мектебінің білікті мамандарымен тәжірибе алмасыпты. Айта кетейік, мұндай білім өзге елдерде ақылы түрде жүргізіледі.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*