Басты » Қоғам » ОҢТҮСТІКТЕ ТЕМІР ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТҚА “КЕЛІН” ДЕП АТАУ БЕРІЛДІ

ОҢТҮСТІКТЕ ТЕМІР ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТҚА “КЕЛІН” ДЕП АТАУ БЕРІЛДІ

ТМД-да теңдесі жоқ зауыт шындығында «келін» емес, темір шығарады. Атауы нәзік болғанымен, атқаратын жұмысы ауыр зауыт күніне 400 тонна шикізат өндіреді.

aa819301-mxf_snapshot_00-00_-2017-09-21_16-25-56

Ерекшелігі шикізат жер қонауын пайдалану арқылы жасалады. Аталған зауыттың өнімі металлургия саласында үлкен сұранысқа ие. Бұл жоба Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа таныстырлып, қолдау тапқан. Өйткені, мұндай технология Қазақстанда алғаш рет қолданысқа енгізілмек. Сондықтанда, болар мамандар өндіріс орнын еркелетіп «Келін» деп атапты.

aa819101-mxf_snapshot_00-56_-2017-09-21_16-25-18

– Бұл зауыттың халықаралық атауы «Кельн». Қазақта айтады ғой келін түссе құт- береке деп. Халық саны көбейеді, көбейеміз деп. Бізде сол сияқты келіндеріміздің санын 2019 жылға қарай 12-ге жеткізіп, өндіріс көлемін 1 млн тоннаға жеткізуді жоспарлап отырмыз.

«Оңтүстік» индустриялды аймағын аралап көрген облыс әкімі «Шымкент Темір» зауытының құрылысымен де, танысты. Жоба мамыр айында қолға алынған. Қазіргі таңда қабырғасы қаланып, құрылысы аяқталуға жақын. Айта кетейік, бұл өңірдегі темір балқытатын алғашқы ірі зауыт болмақ. Өндіріс көлемі кезең-кезеңімен 250 мың тоннадан басталып, толық күшіне енгенде 1 млнға жетеді.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*