Басты » Редакция таңдауы » ЖҮК ПОЕЗДІ ҚАҚҚАҚ 9 ЖАСАР БАЛАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ДЕРЕК ПАЙДА БОЛДЫ

ЖҮК ПОЕЗДІ ҚАҚҚАҚ 9 ЖАСАР БАЛАҒА ҚАТЫСТЫ ЖАҢА ДЕРЕК ПАЙДА БОЛДЫ

9 жастағы баланы жүк поезді басып кетті. Оқиға 16 қыркүйек күні «Тоғыс» станциясы маңында болған.

22_09_2-16-mp4_snapshot_00-42_-2017-09-23_12-28-37

Ақырын жылжыған поездің вагонына мінбек болған мектеп оқушысы абайсызда құлап түскен. Салдарынан ауыр жараланып, шұғыл ауруханаға жеткізілген. Өкінішке орай, дәрігерлер оның табан сүйегін кесіп тастауға мәжбүр болған. Қазіргі таңда баланың жағадайы орташа. Шымкент станциясы ЖІІБ қызметкерлерінің айтуынша ол бұған дейінде бұл әрекетін қайталап жүрген екен.

22_09_2-16-mp4_snapshot_00-21_-2017-09-23_12-27-53

– «Қазіргі таңда осы іске ҚР ҚК 344 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ әкесі бұрынғы теміржол қызметкері. Теміржолға жақын жерде тұрғандықтан, бала осы маңда ойнайтын болған. Оның ата -анасына баланың өміріне немқұрайлы қарағаны үшін айппұл салынуы мүмкін»-дейді полицейлер.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, бұл бірінші оқиға емес. Осы жылдың жазында 3 жастағы бүлдіршін жүк поездінің астына түсіп мерт болған. Ата-анасының қарауынсыз қалған бөбек теміржолға еңбектеп берған екен.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*