Басты » 13 Аймақ » ШЫМКЕНТТЕ АУДАРЫЛЫП ҚАЛҒАН “ДЖИП” КӨШЕ ТАЗАЛАУШЫНЫ МЫЖЫП КЕТЕ ЖАЗДАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ АУДАРЫЛЫП ҚАЛҒАН “ДЖИП” КӨШЕ ТАЗАЛАУШЫНЫ МЫЖЫП КЕТЕ ЖАЗДАДЫ

Шымкентте жол талғамайтын көлік аударылып қалды. Оқиға таңғы сағат 8 шамасында Д.Қонаев даңғылында орын алған. Үш көліктің қатысуымен болған жол апатында бірнеше адам жарақаттанып, ауруханаға жеткізілген.

aa833801-mxf_snapshot_00-01_-2017-09-22_10-47-39

Куәгерлердің сөзінше «Тойота Фортунер» Қонаев гүлзарымен Рысқұлов көшесіне қарай бағыт алған. Осы кезде «Мерседес» Ватутина көшесімен бұрылыс жасамақ болыпты. Ал, бағдаршамда «Нексия» тұрған екен. Бірақ апаттың нақты қалай болғанын ешкім көрмеген.Осы уақытта жол бойында тазалық мекемесінің қызметкерлері жұмыс істеп жатқан екен. Абырой болғанда аударылған джип оның қоқыс жәшігін тас талқан еткен.

aa835501-mxf_snapshot_00-04_-2017-09-22_10-47-05

– «Мен мына жерге заттарымды қойып, төмен түсіп кеттім. Сол кезде қатты дыбыс болып, мына көлік аударылып қалды. Сосын өзге машиналар тоқтап оларға көмек көрсете бастады. Жедел жәрдем келіп, жарақат алғандарды алып кетті. Қатты қорқып қалдым. Сәл кешіккенде қоқыс жәшігінің орнында мен болар едім.»

aa836201-mxf_snapshot_00-04_-2017-09-22_10-47-23

Оқиға орнына полиця қызметкерлері шұғыл жетіп, кептелістің алдын алды. Сонымен қатар аумақ қоршалып, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Ал, «Тойота Фортунерді» тұрғызу үшін, арнайы техникадан бөлек адамдардың көмегі қажет болды. Қазір оқиғаға нақты кімнің кінәлі екені анықталып жатыр.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*