Басты » Мәдениет » АСТАНАНЫ ТАҢҚАЛДЫРҒАН АФРИКАЛЫҚТАР ШЫМКЕНТКЕ КЕЛДІ

АСТАНАНЫ ТАҢҚАЛДЫРҒАН АФРИКАЛЫҚТАР ШЫМКЕНТКЕ КЕЛДІ

Африка елдерінің қолөнер шеберлері Шымкент төрінде. Күнгейге олар мәдениеті, салт-санасын танытуға келген. Шетелдік қонақтар осыған дейін Астанада өткен ЭКСПО халықаралық көрмесінде жәрмеңке өткізіп, 3 ай бойы халықтың назарын өзіне аударған. 

25_09_2-23-mp4_snapshot_01-05_-2017-09-26_09-40-34

Сәні мен салтанаты жарасқан көрме — жәрмеңкенің шымылдығы жалынды бимен ашылды. Шетелдік қонақтар, ширақ қимылды ұлттық билерін көрсетіп, келген жұртты өнерімен тамсантты. Ал, қолөнер бұйымдарын жоғары бағалайтындар үшін де теңдесіз туындыларын жеткізген. Яғни, былғары, тері, ағаш, пілдің сүйегінен жасалған бұйымдар көптің сұранысына ие болды.

25_09_2-23-mp4_snapshot_00-27_-2017-09-26_09-40-18

Шырайлы өлкеге асқан ыждаһаттылықпен келгендердің бірі — Эрик Кемани. Кениялық азамат күнгейліктерге арнайы моншақтан әшекей — бұйымдар жасай келіпті. Сыбызғыны шебер меңгерген өнерпаз, әуезді әуенін сызылтып салды.

 Эрик Кемани — кениялық шебер

– “Мен сыбызғыда бала күнімнен бастап ойнаймын. Мұны бамбуктен жасадым. Дайындауға 15 минутты ғана талап етеді. Сондықтан Шымкентке бірнеше түрін әкелдім. Мен әкелген туындылар арасында асыл тастармен әрленген әшекей — бұйымдар да бар. Біздің наным — сенімдер бойынша, туындылар, сәттілік әкеледі”.

Африка елдерінің мәдениет күндері Шымкентте 10-шы қазанға дейін өтеді. Осы аралықта, кез-келген адам шетелдік қонақтардың өнерін тамашалап, туындыларына қанық бола алады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*