Басты » Мәдениет » ШЫМКЕНТТІК ШЕБЕРДІҢ БҰЙЫМДАРЫ ИМАНҒАЛИ ТАСМАҒАНБЕТОВТІҢ ТӨРІНДЕ ІЛІНІП ТҰР

ШЫМКЕНТТІК ШЕБЕРДІҢ БҰЙЫМДАРЫ ИМАНҒАЛИ ТАСМАҒАНБЕТОВТІҢ ТӨРІНДЕ ІЛІНІП ТҰР

Шымкенттік қолөнерші қазақ ертегілеріндегі кейіпкерді қуыршақ етіп жасап, бала бақшаға өткізуді ұсынуда. Шебер Мұхтархан Атахан бұл жобаны қалалық әкімдікпен бірге қолға алуды мақсат тұтқан. Дегенмен, әзірге бұл бастамаға қолдау көрсететіндер табылмай отыр.

25_09_2-8-mp4_snapshot_00-17_-2017-09-26_09-49-16

Он саусағынан өнер тамған Мұхтархан Атахан 2000 жылдан бері ағашты ойып, түрлі бұйымдар жасаумен айналысып келеді. Жасаған туындылары тек елімізде ғана емес, бірқатар шетелдерде де сұранысқа ие. Қазіргі таңда шебердің жасаған бұйымдары Иманғали Тасмағанбетов, Шерхан Мұртаза сынды ел ағаларының төрінде ілініп тұр. Қолөнер шебері қалалық әкімдікпен бірлесе ортақ жобаны іске асырғысы келеді. Баланы бесіктен тәрбиелеу қажет деген пікірді ұстанатын Мұхтархан аға, қазақ ертегілерінің кейіпкерін қуыршақ етіп жасап, бала бақшаларға өткізуді ұсынуда. Алайда әкімдіктің қолдауынсыз, тіпті жеке меншіктегі бөбекжайларда ерекше туындыларды қабылдамайды. Сондықтан ауқымды жобаны бірлесе орындап, басты мақсат – жас ұрпаққа саналы тәрбие беру ді орындау қажет дейді ол.

25_09_2-8-mp4_snapshot_03-07_-2017-09-26_09-49-41

– “Балаларға тәрбие беру жағынан қуыршақтар бізде ол жоқтың қасы. Қазақи қуыршақты кәсіпкер Қыдырәлі Болманов жасағаны болмаса, қалғаны өте аз шеберлер. Ал сұраныс бар дегенмен біз енді балабақшада осы ертегілер кейіпкерін жасасақ, соған мемлекеттік түрде тапсырыс болса, оны жасауға болады. Сұранысқа байланысты нарықтық экономика, соған байланысты дүние өнердің үлкен шыңына жету үшін біз баланың тәрбиесіне үлкен мән беруіміз керек”.

Егер үкімет бұл ұсынысты құптаса, балабақшадағы мамандар осы қазақи ойыншықтарға тапсырыс береді. Содан соң, бұл саланы қолға алатын шеберлер қатарыда көбейеді, дейді танымал қолөнерші. Егер ауқымды жоба орындалса, Мұхтархан мырза ойында жүрген тағы басқа тың идеялардыда орындауға әзір екенін айтады. Шебер, Шымкент қаласындағы өнер мектебінде ұстаздық қызмет атқарады. Кезінде спорт саласында қажырлы еңбек еткен оның атакәсіпті өзіне серік еткеніне 17 жылдан асты. Өзі білетін ұсталық өнердің қыр-сырын шәкірттеріне үйретуден жалыққан емес.

25_09_2-8-mp4_snapshot_02-24_-2017-09-26_09-55-14

– “Бұл қолөнермен 6 сыныптан бері қатысып жүрмін. Мұхтархан ағай сабақ береді. Жақсы үйретеді сондықтан соның қолында шәкірті болып жүрмін. 25 929- 14 атақты қолөнерші, ұстасздан шәкірт озады демекші Мұхтархан ағайданда үлкен қолөнерші болғым келеді”. 

Шебердің шәкірттері төл өнерді жалғастырып, білгенін ел игілігі үшін қолданамыз деп отыр. Бүгінннің өзінде олар өз бетінше ағашты ойып, тың туындыны жасауға қауқарлы. Еске салсақ, Сақ киностудиясы түсірген жаңа қалқанқұлақ фильміндегі барлық құрал сайман осы шебердің қолынан шыққан.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*