Басты » Спорт » “ЖІБЕК ЖОЛЫ-2017” ҰСТАДЫҢБА ЖІБЕР!

“ЖІБЕК ЖОЛЫ-2017” ҰСТАДЫҢБА ЖІБЕР!

Жібек жолы — 2017„ Ұстадыңба жібер! Оңтүстікте осындай атаумен кәсіби балықшылар арасында “Карп” фиштингтен ашық фестивалі ұйымдастырылды. Өңірімізде осымен төртінші рет өтіп отырған байқауға аудан қаладан жиналған жалпы 14 топ қатысты. 

25_09_2-15-mp4_snapshot_02-16_-2017-09-26_10-04-22

“Карп” фиштингтен өткен фестиваль төрт күнге созылды. Байқау шарты бойынша қатысушылар балықты ұстап, оны арнайы қапқа салып жинайды. Бұл қапшықта су жәндігіне ешқандай қауіп төнбейді екен. Содан соң, күніне екі рет олар жалпы жиналған балықтың салмағын төрешілерге тексертуі қажет. Артынша оны суға қайтып жібереді. Ауқымды фестивальдің мақсатыда осы. Яғни, “ұстадыңба жібер” деген ұранмен байқау ұйымдастырған мамандардың басты мақсаты табиғатты аялап, жәндіктерге қамқорлық көрсету.

25_09_2-15-mp4_snapshot_00-00_-2017-09-26_10-03-58

Мұрат МАМЫТБЕКОВ ұйымдастырушы

– “Жыл сайын біз ашық чемпионат өткіземіз. Бізге барлық қазақстаннан қатысушылар келеді. Балық аулау маусымының ашылуы мен жабылуын әрине өткіземіз. Оның арасында комерциялық турнирлердіде ұйымдастырып тұрамыз. Ал осы байқау ашық түрде өтуде. Оған тек оңтүстіктен келген топтар емес, барлық облыстан қатыса алады. Жалпы алматыдан 2, тараздан 2, ташкенттен 1 топ келіп қатысып отыр. Қалғаны күнгейліктер. Әр топ үш адамнан тұруы қажет”.

Ал, жеңіске салмақ бойынша ең көп балықты ұстап суға жіберген топ жетеді. Дегенмен, олар бір келіден кем су жәндігін қармаққа ілсе, оның салмағы негізгі ұпай есебіне алынбайды. Жалпы байқауға 14 топ қатысып, жүлделі орыннан көрінуге барынша ат салысты. Дегенмен бірінші орынды алматыдан келген “ФСЛК” командасы қанжығасына байлады. Олар жалпы салмағы 39,540 грамды құрайтын балықты ұстап, қайтадан суға жіберген. Айта кетерлігі, осы топ “Карп” фиштингтен әлемдік деңгейдегі байқауларғада қатысқан.

25_09_2-15-mp4_snapshot_02-34_-2017-09-26_10-04-31

Екінші орын Шымкенттен келген “+1” командасына бұйырса, үшінші орынды Сарыағаштан келген “Алтын балық” тобы иемденіпті. Жеңіске жеткендерге арнайы кубок пен қаржылай сыйақы табысталды. Бұдан өзге байқауда ең үлкен балықты ұстаған қатысушы арнайы номинациямен марапатталады. Сондықтан балықшылар төрт күн бойы күндіз түні ауқымды су асты тіршілік иесін ұстаумен болды. Нәтижесінде сайыстың соңғы күні салмағы 4,46 келі балықты ұстаған қатысушы табылды. 

Қармаққа ілінген балықтың ең үлкені дәл осы балық болды. Қатысушылар оларды ұстаған бойда, бірден суға жіберіп, оларға екінші өмір сыйлағандай болдық деп отыр. Ал ұйымдастырушылар мұндай шараны жыл сайын ұйымдастыруды қолға алған.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*