Басты » Редакция таңдауы » ЖАНАТ ӘЗІМОВА: “БАЛАМДЫ САЯБАҚҚА ӨЛТІРУ ҮШІН АПАРҒАН ЖОҚПЫН”

ЖАНАТ ӘЗІМОВА: “БАЛАМДЫ САЯБАҚҚА ӨЛТІРУ ҮШІН АПАРҒАН ЖОҚПЫН”

3 жасар Ринат Әуелтайдың анасы қалалық Тұрғын Үй коммуналдық шаруашылығы бөлімін сотқа бермек. Өйткені, шенеуніктер бірде-бір рет оның жағдайын сұрап ауруханаға келмепті. Керісінше, ашық жатқан электр сымын ұстап ажал құша жаздаған бүлдіршіннің анасын кінәлаған. Жауаптылардың бұл әрекеті қызу талқыға түсіп, қоғамның наразылығын тудыруда.

 26_09_2-16-mp4_snapshot_01-30_-2017-09-26_17-38-57

Бұл, Ринат Әуелтайдың отадан кейінгі жағдайы. Жараның ауырлығы айтпасада көрініп тұр. Жантүршігерлік суреттерді бүлдіршіннің анасы әдейі түсіріп алыпты. Ол- мұны көпшіліктің көргенін қалайды. Әсіресе, қалалық әкімдік назар аударса дейді,- күйініп.

СНХ: Жанат ӘЗІМОВА, Р.Әуелтайдың анасы

– “Құдай сақтап баламның қолы күйді. Сол жерде өліп кетсе, не істейтінімді білмеймін. Мен баламды ойнатуға алып келдім, өлтіруге емес. Бұлай ашық қала беретін болса Оңтүстікте бала қалмайтын шығар. Ешкімнің барғысыда келмейді ол жерге”.

26_09_2-16-mp4_snapshot_01-04_-2017-09-26_17-38-40

Бұл жағдай ел арасында қызу талқыға түсті. Балалардың тағдырына бей-жай қарамайтын тұрғындар саябақтар мен көшелерде ашық жатқан ток көздері туралы арнамызға ақпар жеткізді. Мәселен, электр бағанасындағы мына сымдар жерге сүйретіліп жатыр. Онда ток бар ма, жоқ па белгісіз. Мұны кез-келген ойын баласы ұстап қалуы әбден мүмкін. Осыған ұқсас жағдайды «Металлургтер» паркіненде кезіктіруге болады. Мұнда құрылыс жұмыстары жүріп жатқандықтан, электр желісі тартылмаған дейді жұмысшылар. Сөйте тұра, телефондарын қуаттап отыр. 

Илиясбек ЖҮНІСОВ, заңгер

– Егер ашық тұрған ток көзін бала ұстап, жарақат алатын болса, бұған сол аумақтың иесі жауап береді. Ал, Ринат Әуелтайдың жағдайына келсек, саябақ Тұрғын үй коомуналдық шаруашылығы бөлімінің меншігінде. Сондықтан электр сымдарының қараусыз жатқаны үшін осы мекеме жауапты болады.

Жауапты бола тұра, Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөліміндегілер Ринат Әуелтайдың жағдайын сұрамапты. Балаға қарамадың деп анасын жазғырған шенділер, кешірім сұрау үшін қарапайым электрикті жіберіпті. Бұған ашынған Жанат Әзімова оларды сотқа беремін,- деп бекініп отыр.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*