Басты » ТКШ » ШЫМКЕНТ ЖЫЛУСЫЗ ҚАЛМАЙТЫН БОЛДЫ

ШЫМКЕНТ ЖЫЛУСЫЗ ҚАЛМАЙТЫН БОЛДЫ

Алпауыт монополистер арасындағы ақша араздығына нүкте қойылды. Шымкенттіктерді жылумен қамтып келген „Қуатжылуорталық„ және „Энергоорталық„ мекемелері жалпы сомасы 3,3 млрд болатын қарыздарын өтеуге қазанның біріне дейін уақыт берілді. Берешекке белінен батқан екі мекеменің бірі қарыздарының 805 млн теңгесін “ҚазТранс Газ Аймаққа” беріп үлгірген.

26_09_2-2-mp4_snapshot_01-29_-2017-09-26_17-49-28

Қуат жылу орталық-3„ мемлекеттік комуналдық мекемесі тамыз айында қарызының 805 млн теңгесінен құтылған. Енді қалған 1,8 млрд теңгені қыркүйектің соңына дейін толық өтеуі тиіс. Ал, қарызы 1,5 млрд теңге болатын „ 3-Энергоорталық„ АҚ пайдаланған табиғи отынының қарызын қазанның біріне дейін құтылады. Үш жақ өзара келісімге келіп, ұзаққа созылған даулы мәселеге нүкте қойылған.  Жауаптылар алдымен білім, денсаулық, спорт, мәдениет саласындағы мекемелерді жылу маусымына дайындауды бастаған. Оның ішінде білім ошақтары түгел әзір болса, аурухана, емханалардың кейбірінде күрделі жұмыстары жүргізілуіне байланысты әлі дайын емес. Өңірдегі Орталықтандыру жүйесімен жылитын тұрғын үйлердің 90 пайызы маусымға дайын! Қалған он пайызының дайындығы қараша айына дейін аяқталады.

26_09_2-2-mp4_snapshot_00-42_-2017-09-26_17-49-44

Мамандар жылу, энергия, көгілдір отын бағасының тұрақты болатынын жеткізді. Сондай ақ, жылудың берілу күні нақты айтылмады. Себебі, барлық нәрсе ауа-райына байланысты шешледі. Егер 5 күн қатарынан күн күрт суытса онда жылу беріле бастайды. Айтпақшы, өңірге қажетті мазут суық отындар мен көмірлер қазандықтарға жеткізілуде.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*