Басты » ТКШ » ӘКІМДІККЕ АЛДАНҒАН ШЫМКЕНТТІКТЕР ШУ ШЫҒАРДЫ

ӘКІМДІККЕ АЛДАНҒАН ШЫМКЕНТТІКТЕР ШУ ШЫҒАРДЫ

Жыл сайын қалтасын қағып, жолға шағал тас төсеген тұрғындар, арнамызға шағымданды. Әл- Фараби ауданына қарасты, Өтеген Сейітов көшесінің халқы, бірнеше жылдан бері тас жол мен жарық шамға жете алмай келеді. Талай рет, әкімдік пен “Нұр Отанның» есігін қағып, жасаймыз, реттейміз деген уәдеге сеніп келген.

28_09_2-1-new-mp4_snapshot_01-24_-2017-09-28_18-12-13

Самал-2 мөлтек ауданындағы Өтеген Сейітов көшесінің тұрғындары, өркениеттен қалғандай күй кешуде. Халық қалада тұрсақта тақтайдай тегіс жолға жарымай отырғандарына налыйды. Жазда шаңнан, жауынды күні лайдан көз ашпағанын айтудай айтып-ақ келеді. Бірақ одан шыққан нәтиже жоқ. Ал, көшедегі жарық шамның жыры шешілмейтін мәселеге айналғандай. Биліктегілерден үмітін үзген қараша, қалталарынан қаржы шығарып, көшеге шағал тасты өздері төсеген. Тіпті электр бағаналарын да орнатыпты.

28_09_2-1-new-mp4_snapshot_00-58_-2017-09-28_18-12-02

Ал, әкімдіктегілер, Өтеген Сейітов көшесінің жағдайынан хабардар болып шықты. Аталмыш көшені асфальттау үшін ұсыныс та, беріліпті. Бірақ, әзірге конкурс жарияланған. Жеңімпаз анықталған соң, жұмысқа кірісеміз деп отыр.

28_09_2-1-new-mp4_snapshot_00-52_-2017-09-28_18-11-55

Бүгінге дейін шыдамдылық танытып келген тұрғындардың мәселесі тек ендігі жылы орындалатын болды. Алайда, аталмыш көшеге жарық берудің ауылы алыс көрінеді. Өйткені, Әл Фараби ауданы бойынша 50 ғана көшеге ұсыныс берілген. Оның ішінде Өтеген Сейітов көшесі жоқ.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*