Басты » 13 Аймақ » РУСЛАН ЖАНПЕЙІСОВ ПОЛИЦЕЙЛЕРМЕН КЕЛІСІМГЕ КЕЛУІ МҮМКІН

РУСЛАН ЖАНПЕЙІСОВ ПОЛИЦЕЙЛЕРМЕН КЕЛІСІМГЕ КЕЛУІ МҮМКІН

Мемлекеттік айыптаушы Руслан Жанпейісовке процессуалдық келісімге келу бойынша ұсыныс жасады.

28_09_2-21-mp4_snapshot_00-43_-2017-09-28_18-53-57

Оған 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалмақ. Бұған, Русланның қорғаушысы мен өзі бірден келісе кетті. Әзірге сот кейінге қалдырылды. Өйткені, Жанпейісовтың қорғаушысы, прокурордың келісім қағазымен жіті танысуға уақыт сұрады. 

28_09_2-21-mp4_snapshot_00-01_-2017-09-28_18-53-26

“ОСА” қоғамдық бірлестігінің өкілі ретінде танымал, көлік жүргізушілерінің құқығын қорғаушы Руслан Жанпейісов биыл наурыз айында қамауға алынған болатын. Оған қорқытып алу арқылы тәртіп сақшыларынан ақша алды деген айып тағылған.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*