Басты » Қылмыс » ТОҚТАР ТӨЛЕШОВКЕ ҚАТЫСТЫ ТЫҢ ДЕРЕК ПАЙДА БОЛДЫ

ТОҚТАР ТӨЛЕШОВКЕ ҚАТЫСТЫ ТЫҢ ДЕРЕК ПАЙДА БОЛДЫ

Атышулы Тоқтар Төлешовтің сыбайластары прокурормен процессуалдық келісімге келді. Сөйтіп,өз кінәларын толық мойындаған айыпталушылар, «сыра корольіне» қарсы куәлік беріп жатыр.

03_10_2-6-mp4_snapshot_00-45_-2017-10-03_11-25-31

Қылмыстың ашылуына көмектескені үшін олардың бірқатары рақымшылыққа ілініп, жеңіл жазаға тартылуы мүмкін. Ал, қалғандарының 1 жылдан 3 жылға дейін бас бостандығы шектеледі. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының соты ресми хабарлады.

03_10_2-6-mp4_snapshot_00-35_-2017-10-03_11-26-05

Виталий МИРОШНИКОВ, ОҚО сотының судьясы

– Қазіргі таңда айыпталушылар мен куәгерлердің жауабы, сондай-ақ, Астана қаласында тұратын сарапшылардың дәлелдері тексеріліп жатыр. Бұл бірқатар қиындықтар тудыруда. Бірақ, бізде видеобайланыс қарастырылған. Ал, сот ісінің келесі кезеңі сотталушылардың түсініктемесін зерттеу бойынша өтеді.

Есеріңізге сала кетейік, қыркүйек айының басында сыра зауытының есепшісі Светлана Лукина мен Тоқтар Төлешов, Ольга Аллакулиева және Мадияр Мусаев экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлық жасағанын мойындап, процессуалдық келісімге келуге өтініш берген еді.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*