Басты » ТКШ » ХАЛЫҚ ТӨСЕЛГЕН АСФАЛЬТТІҢ САПАЛЫ ЕКЕНІНЕ КҮМӘН КЕЛТІРДІ

ХАЛЫҚ ТӨСЕЛГЕН АСФАЛЬТТІҢ САПАЛЫ ЕКЕНІНЕ КҮМӘН КЕЛТІРДІ

Сағызша созылған Ахмет Байтұрсынов көшесінің жыры аяқталуға жақын. Құбырлары толық ауыстырылып біткен жолға, қазір асфальт төселіп жатыр. Күн-түн демей тер төктік,-деген мердігер енді бірер күнде қоғамдық көліктің қатынайтынын айтып қуантты. Тек асығыс жасалған істің сапалы боларына жұрт сенбейді. Айтуларынша, екі қабат етіп төселген асфальт, алдағы қыстан аман шықпайды.

03_10_2-11-mp4_snapshot_01-34_-2017-10-03_15-52-00

көлік жүргізуші:

– “Көңілден шықпайды. Өйткені өте ұзақ жасалып жатыр. 8-9 ай болды осы жолмен жүреміз. Қинап жіберді. Созып жатыр, созып жатыр. Білмейміз не үшін. Ал жолдың сапасы өте жаман”.

Мамыр айында қазылып, қыркүйектің бірі күні бітуі тиіс тірлік, түрлі себептермен тежеле берді. Салдарынан сансыз кептелістер, автобус аялдамасын іздеген жолаушылар жан-жаққа сандалып кетті. Бірақ, ешкім жақ ашып, шу шығармады. Себебі, ескі құбырдың ауысқанын осы көшенің тұрғындары жылы қабылдады. Онымен қоса, құрылыстың аяқталу мерзімі қысқа болатын. Әйтседе, әкімдік айтқанынан жаңылып, мердігер міндетін кестеден кешігіп атқарып жатыр.

03_10_2-11-mp4_snapshot_00-53_-2017-10-03_15-51-11

Жандос ТҮЙМЕБАЕВ, мердігер мекеменің өкілі:

– “Басты себеп екі күннен бері ауа-райы қолайсыз болды. Негізі, барлығына үлгеріп келе жатырмыз. Тағы екі күнде құрылыс жұмыстары бітеді. Сосын автобус жүреді”.

Жолдың баяу жөнделіп жатқанынан жаяу жүргіншілер зардап шегуде. Әсіресе, қарттар мен балаларға қиын. Себебі, құрылыстың кесірінен жол белгілері байқалмайды. Дегенмен, мердігер бұл проблеманы шешуге асығар емес. Кестеден кешікседе, сапалы асфальт төсеп береміз,- деп отыр. Жол азабын тартқан халық болса, көшенің көрікін емес, көліктің еркін жүргенін қалап отыр.

қала тұрғыны:

– “Енді біз білмейміз. Сапасын қыс көрсетеді. Қазір жер құрғақ, асфальт қап-қара әдемі болып тұр. Қазір мұны ешкім жақсы не жаман деп айта алмайды. Қыстың ортасында белгілі болады барлығы”.

03_10_2-11-mp4_snapshot_00-38_-2017-10-03_15-50-47

Халықтың да, биліктің де бас ауруына айналған Ахмет Байтұрсынов көшесімен қазір қоғамдық көлік қатынай бастады. Әзірге тек шағын автобустар ғана. Енді, мердігер сөзінде тұрып, жолдың жыртығын жылдам жамаса болғаны.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*