Басты » Қоғам » ӘУЕ АПАТЫНДА ҚАЗА БОЛҒАН ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕР ЖЕР ҚОЙНЫНА ТАПСЫРЫЛДЫ

ӘУЕ АПАТЫНДА ҚАЗА БОЛҒАН ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕР ЖЕР ҚОЙНЫНА ТАПСЫРЫЛДЫ

Шымкентте ұшақ апатынан қаза тапқан акушер гинеколог Талғат Патсаевты ақтық сапарға шығарып салды. Үш тілді еркін меңгерген профессордың қазасы еліміздің медицина саласындағы мамандарға ауыр тиіп отыр. 46 жасында қайтыс болған дәрігердің артында екі баласы қалған. Марқұмға құран бағышталып болған соң, талғат патсаевтың денесі туған жеріндегі зираттың біріне жер қойнына тапсырылды.

05_10_2-21-mp4_snapshot_01-55_-2017-10-05_18-27-18

Марқұмның жаназасын шығаруға халық көп жиналды. Қайғыдан қан жұтып отырған отбасына көңіл айту үшін Талғат Патсаевтың туған туыстары, әріптестері мен жолдастары, еліміздің алыс жақын жерлерінен келген. 46 жасында дүниеден өткен білікті маман «Акушерлік және гинекология» бойынша медицина ғылымдарының докторы болатын. Тоқырау жылдары ол Оңтүстік Қазақстан облыстық перзентханада көп жылдар бойы акушер-гинеколог болып қызмет атқарған. Ал, 2009 жылдан қазіргі таңға дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Акушерлік іс, гинекология және перинатология ғылыми орталығының оперблок меңгерушісі болып еңбек етті. Жоғарғы санаттағы маман жұбайы Нұржамал Жардемалиевамен екі ұл тәрбиелеп, өсірген. Еліне адал қызмет атқарған азаматты соңғы сапарға шығарып салу рәсімінде дәрігердің әріптестері марқұмды бір сәт еске алды.

Талғат ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ ғылыми доктор профессор:

– «20 жыл жұмыс істедік ең бірінші кондидаттық дессертацияны қорғады. Сосын докторский дессертация қорғады. Бізде жұмыс істеп, талантты дәрігер болды. Жақсы адам, шұғыл адам. Өкінішке орай 3 қазан күні іс сапарға ұшып қаза болды».

05_10_2-21-mp4_snapshot_01-59_-2017-10-05_18-28-12
Алматы маңында ұшақ апатынан қайтыс болған Талғат Патсаев Қазақстан медицинасында бауырдан донор болған әйелдің жүктілік кезін бақылап, оны босандырып алған алғашқы дәрігер. Марқұм болған маманның әкесі Әнапия Патсаевта танымал профессор, медицина ғылымдарының докторы. Анасыда химия саласының ғалымы. Мұсылманша жаназасы оқылып, құран бағышталып болған соң, танымал профессор жер қойнына тапсырылды.

Ерлан ТӘЖІБАЕВ:

– «Бұл кісінің есімі көптеген дәрігерлер танитын. Оның қазасы медицина саласындағы барлық қызметкерлерге ауыр тиді. Өзгелерді де үйретіп, өзі де үйренуден жалыққан емес. Қай кезде болмасын ол азаматтан көмек те, қолдау да күтуге болатын. Дәрігер арасында да өте беделді, сыйлы жан еді. Әрине, апат айтып келмейді, бірақ сондай азаматты жоғалтып алу бәрімізге де ауыр тиді. Қабырғамызды қайыстырып кетті,- десе де болады. Не дейміз, енді иманы өзіне жолдас болсын, қазаның арты қайырлы болсын”.

Еске салсақ 3 қазан күні Алматыдан Шымкентке бет алған санавиация борты 12 минуттан кейін радардан жоғалған. Түгі қалмай жермен жексен болған ұшақты құтқарушылар тек екі сағаттан кейін Іле ауданы Междуреченск ауылы маңынан тапқан еді. Апаттан әуе кемесінде болған 5 адам қаза тапты. «East Wing» әуекомпаниясына тиесілі АН-28 ұшағы құлаған аумағында “қара жәшіктер” табылып, Мемлекетаралық авиациялық комитетке жолданған.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*