Басты » Қылмыс » ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ БАСҚАРМАСЫ РЕСЕЙДЕГІ АПАТҚА ҚАТЫСТЫ ПІКІР БІЛДІРДІ

ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ БАСҚАРМАСЫ РЕСЕЙДЕГІ АПАТҚА ҚАТЫСТЫ ПІКІР БІЛДІРДІ

Ресейдің Владимирский облысында болған апатқа қатысты облыстық жолаушылар көлігі басқармасы пікір білдірді.

xw_1460105

(сурет ғаламтордан алынды)

Зерттеу жұмыстарын жүргізген жергілікті атқамінерлер, автобустың ресми тіркелмегенін айтты. Сондай-ақ, бағыттар тұрақты және тұрақсыз болып екіге бөлінеді. Тұрақты, яғни халықаралық бағыттар Инвестиция және даму министрлігінің құзіретінде. Ал, басқарма тек облысаралық тасымалға жауап береді екен. Сондықтан мамандар жиырмаға жуық адамның өмірін жалмаған оқиғаға қатысты нақты ештеңе айта алмауда.

Асан ЖҰМАБАЕВ, ОҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы:

– Ресейде болған апатқа қатысты зерттеу жұмыстарын жүргіздік. Нәтижесінде автобустың ауданаралық немесе облысаралық бағыттарға тіркелмегені анықталды.

Ресейлік басылымдардың мәліметіне қарағанда, оқиға түнгі сағат 3:39-да болған. Ішінде Өзбекстан Республикасының 55 азаматы мен қазақстандық 2 жүргізушісі бар автобус теміржол өткеліне келгенде от алмай қалған. Сөйтіп, Нижний Новгородтан Санкт-Перербургке жол алған поезбен соқтығысқан. Салдарынан 20-ға жуық жолаушы қаза тапты. Арасында балалар мен Қазақстан азаматы бар. Ал, бізге келіп жеткен ақпаратқа сүйенсек, апатқа ұшыраған көлік, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылының тұрғынына тиесілі екен.

(видео ғаламтордан алынды)
Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*