Басты » Медицина » ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫНДАРҒА ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ

ТУБЕРКУЛЕЗБЕН АУЫРАТЫНДАРҒА ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ

Оңтүстікте 2018 жылдан бастап сал ауруына шалдыққан бүлдіршіндерді емдеу орталығы ашылады. Бүгінде ғимаратта ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев мәлімдеді. Сондай -ақ, биыл өңірдегі 4 ірі емхананың құрылысы басталған. Келер жылы су жаңа медициналық ғимараттар ел игілігіне беріледі.

06_10_2-7-mp4_snapshot_00-15_-2017-10-06_18-29-35

Жаңадан енгізілген медициналық ақпараттық жүйесіне қазір тек 36 емхана қосылған. Мамандар бұл көрсеткішті 100 пайызға жеткізу үшін мекемені толық компьютермен және электрондық ақпарат алмасу серверімен қамтымақ. Биылдың өзінде осы жобаны іске асыру мақсатында 8,5 мың компьтер сатып алынған. Тағы бір ақпар. Биылдан бастап туберкулез дертіне шалдыққан тұрғындарға материалдық көмек көрсетілетін болады. Ол үшін бюджеттен 102 млн 800 мың теңге бөлініпті. Яғни әр науқасқа 11-22 мың теңге көлемінде ақша беріледі екен. Тіпті мамандар туберкулезге қарсы диспансерін қала шетіне шығару мәселесінде қолға алыпты.

Мұқан ЕГІЗБАЕВ, ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– «Қазіргі таңда аурухана жетіспейді. Туберкулезге қарсы аурухана қалада орналасқаны бірнеше рет айтылған. Облыстық әкімдік тапсырмасымен қазіргі кезде 10 гектар жер бөлініп туберкулезге қарсы диспансерін қала шетіне шығару мәселесі оң шешімін тауып отыр. Одан бөлек жаңа онкологиялық диспансер жағдайын білесіздер. Оғанда жаңа орталығын салуға 10 гектар жер телімі беріліп жатыр. Келесі жылы құрылыс жұмысы басталатын болады. Аудандада жетіспейтін емхана бар. Оны біртіндеп көтереміз. Барлығын бірден салу мүмкін емес».

Күнгейде жылына 80 мыңға жуық нәресте дүниеге келеді. Бала туу көрсеткіші жоғары өңір болғандықтан, денсаулық сақтау саласында тағы бір мәселе орын алуда. Перзентхана тапшылығын шешу мақсатында облыс әкімдігінің тапсырмасымен Сарыағашта перенаталдық орталық салуға 10 гектарға жуық жер телімі бөлінді. Тіпті жобалық сметалық құжат әзірлеуге қомақты қаржыда беріліп қойған. Бұдан басқа, осы жылы облыс тарихында алғаш рет бірден 4 ірі емхананың құрылысы жүргізілуде. Келесі жылы Сайрам, Кентау, Мырзакент, Жетісайда су жаңа ғимарат ел игіліне беріледі.

06_10_2-7-mp4_snapshot_01-22_-2017-10-06_18-30-03

Мұқан ЕГІЗБАЕВ, ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– «Емхананың құрылысын бастауға тапсырма берілді. Оның біреуі жеке меншік мемлекеттік әріптестік аясында Қайтпаста 500 орындық емхананың құүрылысы басталды. Қазір 1 қабатын бітіріп жатыр. Келесі жылы беріледі.

Келер жылдан бастап Оңтүстікте сал ауруына шалдыққан 3 жасқа дейінгі бүлдіршіндерді емдеу орталығы ашылады. Ал аталған дертпен ауыратын 3 пен15 жас арасындағы балаларға ем дом жүргізіп келе жатқан „Мейірім„ оңалту орталығы 100-150 орындық ғимаратқа ауыстырылады. Мұнда арнайы емдік бассаейнде бар. Тіпті мамандар 70 млн теңгені құрайтын құрал жабдықтыда сатып алған.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*