Басты » Мәдениет » 7 ЖЫЛДА ҚАЗАҚСТАНДЫ 7 РЕТ АЙНАЛҒАН ҰЖЫМ

7 ЖЫЛДА ҚАЗАҚСТАНДЫ 7 РЕТ АЙНАЛҒАН ҰЖЫМ

7 жылда Қазақстанды 7 рет айналған ұжым. Көптің көңілін баураған „Кентау шоу„ театры Шымкентке келді. Өнерпаздар жиналған жұртты орамды әзілдерімен күлдіріп, әсем әндерімен әлдилеп, ерекше қимылдарымен тәнті етті. Тіпті, есеп беру кешін, екі күн қатарынан өткізді.

     Әнші, биші, акробат, әзілкеш, сиқыршы. Өнердің қай түрін іздесеңізде, барлығын „Кентау шоу„ театрынан табасыз. 8 қырлы 1 сырлы өнерпаздары сан қырлы саланы қатар меңгерген. Қойылымдары бүгінгі күннің түйіткілді мәселесін әзілмен әрлей жеткізіп, көңілге түрлі ой салады. Барлығы бір үйдің баласындай татутәтті. Ұжымның ең басты ерекшелігі де осы.

     Бүгінде „Кентау шоу„ театрында 10 әртіс өнер көрсетеді. Олардың барлығы арнайы іріктеуден сараланып алынған, дара өнерпаздар. Олар, көптің көңілінен шығуға барын салады, тырысады. „Еңбек етсең емерсің„ демекші, бүгінде, көрермендерінің ақ тілектеріне ие.

     „Кентау шоу„ тетры бүгінге дейін, елімізбен қатар, алысжақын шет елдерді де аралап, өнерлерін паш еткен. Ал, ұжымды құрып, өнерпаздардың біліктілігін арттырып, шығармашылығын шыңдап отырған Мырзахмет Егембердиев. Білікті басшы, бүгінде „Шымкент шоу„ „Күлшкістан„ сынды театрларды да қатар қарамағына алып, басқарып отыр.

     Жас театр аз уақыттың ішінде бірқатар жетістікке жетті. Оның ең бастысы, көрермендерінің күн санап артуы. Тіпті, „Кентау шоу„ ұжымы Шымкентке келген іс сапарында 2 күн қатарынан әзілден шашу шашты. Ендігі кезекте өнер ұжымы аспан асты елі мен Түркияға гастрольдік сапармен бармақ.

Таңшолпан НЫШАНБАЙ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*