Басты » Медицина » БАРЛЫҚ ШЫҒЫНДЫ ӘУЕ КОМПАНИЯСЫ ӨТЕЙТІН БОЛДЫ

БАРЛЫҚ ШЫҒЫНДЫ ӘУЕ КОМПАНИЯСЫ ӨТЕЙТІН БОЛДЫ

Ан 28 ұшағы апатынан қаза тапқан азаматтардың отбасына берілетін өтемақыны әуе компания толығымен өтейтін болды. Бұл туралы «East Wing» компаниясының директоры Виталий Масалитин мәлімдеді. Компания басшысы мәйітті тасымалдау және жерлеу рәсіміне кеткен шығынды өз мойнына алғанын алға тартады. Ал, санавиация ұшып бармақшы болған әйел әлі күнге дейін жасанды тыныс алдыру аппаратымен жан сақтау бөлімінде жатыр.

06_10_2-12-mp4_snapshot_00-48_-2017-10-06_18-43-50

3 қазан күні апат болған Ан 28 ұшағында қаза болған акушер гинеколог Талғат Патсаев Шымкентте жерленген болатын. Ал, әуе кемесінің капитаны Генадий Цойдың денесі Қырғызстанға жіберілген. Қазақстандық Евгений Кутафиннің мәйіті болса, арнайы днқ сараптамасы жүргізілген соң, Оралға тасымалданады екен. Жуырда, Қаракөлде ұшақтағы инженер Бейшебек Ақматовпен қоштасты. Айта кетсек, «East Wing» компаниясының директоры Виталий Масалитин қайтыс болған азаматтардың отбасына өтемақы төлейтінін мәлімдеді.

Виталий МАСАЛИТИН, «East Wing» компаниясының директоры:

– «Мүрдені тасымалдауға әрқайсысына 500 мың теңге және жерлеу рәсіміне әр отбасына 350 мың теңге берілді. Бұдан өзге 1 млн теңге көлеміндегі қаражат екі дәрігер мен 3 санавиация қызметкерінің жанұясына береміз».

5 қазан күні Астанадан келген гинеколог дәрігер облыстық клиникалық ауруханада жатқан науқасты тексеріп кеткен. Сондай-ақ, шаһарымызға Елордадан арнайы рениматолог маманы келді. Жыл басынан бері өңірімізден санавиация жүйесі бойынша 144 шақырту жіберілсе, облысқа білікті мамандар 124 рет келіпті. Арнайы бортпен келген дәрігерлер науқастың біреуіне ота жасап, 86 ауыр халдегі тұрғынды Астана мен Алматыдағы медициналық мекемеге алып кекен. 

06_10_2-7-mp4_snapshot_01-22_-2017-10-06_18-30-03

Мұқан ЕГІЗБАЕВ, ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– «Бұл жерде біз қандай ауруға шақырамыз. бала ана өлімін азайту үшін перзентханаға, балаларға туа біткен ақауы барларға шақырамыз. Екіншісі перзентқханадаңғы аналарға шақырамыз. 90 пайызы соларға. Әркім әртүрлі айтады. Танысына деп. Жоқ бізде ондай болмайды. Ол жағдайына қарайды. Тура осындай рейспен санавиациямен біздің облыс дәрігерлері 4,5 мың рет ауданға бір жылда барады. Қаза болған азамат алтын қолды дәрігер білімді білгір ғалым. Семьясына көңіл айттық».

Еске салсақ, 3 қазанда ұшып шыққан Ан-28 санитарлық авиация ұшағы 12 минуттан соң радардан жоғалып кетіп, артынша Алматы түбінде апатқа ұшыраған.Алматыдан Шымкентке аттанған борттағы командир, екінші ұшқыш, авиатехник және екі дәрігерде қаза тапқан еді.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*