Басты » Медицина » АУЫЛҒА БАРАТЫН ДӘРІГЕР 1 МЛН ТЕҢГЕ АЛАДЫ

АУЫЛҒА БАРАТЫН ДӘРІГЕР 1 МЛН ТЕҢГЕ АЛАДЫ

2018 ден бастап дәрігерлерге көрсетілетін материалдық көмек мөлшері 1 млн теңгені құрайтын болады. Алайда, дипломмен ауылға бағдарламасының келісім шарты 3 жылдан 5 жылға дейін созылады. БАҚ өкілдерінің алдында есеп берген Мұқан Егізбаев, шахарда емес, шалғайда еңбек ететін ақхалаттыларға бар жағдайды жасаймыз деді.

09_10_2-7-mp4_snapshot_00-15_-2017-10-09_14-27-07

Бала өлімінің көрсеткіші бойынша Оңтүстік республикада үшінші орында. Ал ана өлімі алғаш рет биыл екі есеге, яғни 41,7 пайызға төмендеген. Обыстың бас дәрігерінің сөзінше, ағымдағы жылы білікті гинеколог- реаниматолог мамандар аудандағы медициналық мекемеге ай сайын жіберіліп тұрған. Басқарма басшысы мұндай тәжірибе алмасу жұмыстары жалғасатын болады деп сендіруде. Ал жергілікті бюджеттен медициналық ұйымдарды материалдық техникамен жабдықтауға кететін шығын көлемі биыл 3,5 есеге ұлғайып, 5,9млрд теңгені құраған. Ал, облыстың санитарлық авиация қызметі үшін навигациялық жүйемен және жаңа құралдармен жабдықталған 4 реанимобиль сатып алынды.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*