Басты » Медицина » МҰҚАН ЕГІЗБАЕВ: “ҚАТЕРЛІ ІСІК ТЕК БІР ӘЙЕЛДЕН ТАБЫЛДЫ”

МҰҚАН ЕГІЗБАЕВ: “ҚАТЕРЛІ ІСІК ТЕК БІР ӘЙЕЛДЕН ТАБЫЛДЫ”

ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Дарбаза ауылындағы 40 әйелдің омырауынан қатерлі ісіктің белгісі анықталды деген ақпаратты теріске шығарды. Ресми мәлімдеме жасаған Мұқан Егізбаевтың сөзінше жуырда өңірден арнайы комиссия құрылып, ауданда медициналық тексеру жұмыстарын жүргізген.

09_10_2-14-mp4_snapshot_00-02_-2017-10-09_14-37-33

Осыдан екі ай бұрын Оңтүстік Қазақстан облысының бес мыңнан астам тұрғыны бар Дарбаза ауылында шу шыққан еді. Жаппай ауруға шалдығып жатырмыз деп шағымданған қара халық балаларының басы айналып, мұрындарынан қан кетсе, тексеруден өткен қырық әйелдің омырауынан қатерлі ісіктің белгісі анықталды деген болатын. Мұнда тіпті аяғы ауыр келіндердің түсік тастауы белең алған. Ал сырттан келген қонақтар болса, жағымсыз иістен әп-сәтте мазасы қашатын көрінеді. Тұрғындар мұның негізгі себебі – ауыл іргесіндегі шайыр өндіретін зауыттан шығатын зиянды түтіннен деген болатын.

09_10_2-14-mp4_snapshot_02-31_-2017-10-09_14-40-27

Осы бейнематериалдан соң, облыстан арнайы комиссия құрылып, мамандар Дарбаза ауылына тесеру жұмыстарын жүргізуге аттанған. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев осыған дейін шыққан мәліметті теріске шығарып ресми мәлімдеме жасады. Айтуынша медициналық тексеруден өткен 129 нәзік жанның тек біреуінен ғана онкологиялық потология табылған.

06_10_2-7-mp4_snapshot_01-22_-2017-10-06_18-30-03

Мүұқан ЕГІЗБАЕВ, ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы

– «Бұл жайында біз білеміз. Арнайы комиссия жібергенбіз. Біздің Денсаулық сақтау басқармасынан барды. Олар ол жердегі ауаның жердің анализдерін тексерді. Біз құзырымыз бойынша сондайғы тұрғындарды мед тексеруден өткіздік. 129 әйел тексеріліп, оның ішінде тек біреуінен онкологиялық потология табылды. Қалған ақпаратты жалған деп есептейміз. Енді ол ақпарат дұрыс сәйкес келмейді».

Айта кетейік, халықтың шағымы зауыт ашылғалы туындап отыр дегенді биліктің өзі де растаған еді. Наразылық жиілеген соң, құзырлы мекемедегілер бас қосып, жиын өткізіпті. Осы оқиғадан соң мамандар халықпен түсіндірме жұмыстарын жиі жүргізетінін айтқан.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*