Басты » Қылмыс » БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ЕКІ АЙҒА ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

БАСҚАРМА БАСШЫСЫ ЕКІ АЙҒА ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы екі айға қамауға алынды. Оған параны қорқытып алу бабымен айып тағылуда.

09_10_2-18-mp4_snapshot_01-12_-2017-10-09_17-15-49

Естеріңізге сала кетейік, 6 қазан күні мемлекеттік қызметкер Болатбек Төлеген жүргізушісі арқылы 600 мың теңге пара алу барысында ұсталған болатын. Қолдағы бар ақпаратқа сүйенсек, басқарма басшысы параны ақпараттық қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарттың ақысы ретінде алған. Сондай ақ, ол 2,1 млн теңге пара алуы мүкін деген айып тағылуда. Әзірге тергеу амалдары жүргізілуде.

09_10_2-18-mp4_snapshot_00-18_-2017-10-09_17-18-14
Ол кәмелет жасына толмаған 4 баланың әкесі. Төлеген Болат Бақтиярұлы еңбек жолын 2001 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында жетекші маман болып бастаған. Мұнан соң қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін бес жыл бойы абыройлы атқарған. 2016 жылдың наурыз айынан бастап, Облыстық ішкі саясат басқармасын басқарып келе жатыр.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*