Басты » Спорт » ОҢТҮСТІКТЕ ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ БОКС МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

ОҢТҮСТІКТЕ ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ БОКС МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

Алғаш рет Оңтүстік Қазақстан облысында халықаралық талаптарға сай жасөспірімдер спорт мектебі ашылды. Пайдалануға берілген №5ші бокс мектебінде әлемдік деңгейдегі спорттық шараларды өткізуге мүмкіндік туды.

09_10_2-13-new-mp4_snapshot_00-31_-2017-10-09_17-27-44

Астана, Алматы қалаларынан кейін Шымкентте бой көтерген мектептің лентасын аймақ басшысы арнайы барып қиды. Заманауй спорттық құрылғылармен жабдықталған мектепте 1000 балаға дейін еркін жаттығуға мүмкіндіктері бар. Жаттығулар бөлмелерінен өзге, медицина кабинеті, монша, кәсіпқой бокс кешені мен 220 көрерменге лайықталған арена да бар. Спорт кешенінде жасөспірімдер мен олимпиада ойындарынының жеңімпаздарының дәріс алуына да жағдай жасалыпты. Қазіргі таңда 700-ге жуық тәлімгер жаттығу үстінде. Бұл шараның барлығы елбасының 2020 жылға дейін қазақстандықтардың 30 пайызын бұқаралық спортқа тарту тапсырмасын жүзеге асыру бойынша іске асқан.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*