Басты » Медицина » САНИТАРЛЫҚ АВИАЦИЯНЫҢ КӨМЕГІНЕ МҰҚТАЖ ӘЙЕЛ КӨЗ ЖҰМДЫ

САНИТАРЛЫҚ АВИАЦИЯНЫҢ КӨМЕГІНЕ МҰҚТАЖ ӘЙЕЛ КӨЗ ЖҰМДЫ

Санитарлық авиация көмегіне зәру болған келіншек 8 қазан күні жан сақтау бөлімінде көз жұмды. Алтыншы сәбиін өмірге алып келген ана, 2015 жылдан бері бауыр ауырумен арнайы есепте тұрған.

09_10_2-20-mp4_snapshot_00-56_-2017-10-09_17-37-37

Түркістан қаласының тумасы 16 қыркүйек күні босанған. Ал облыстық ауруханаға 2 қазанда ауыр жағдайда келіп түскен еді. Жергілікті дәрігерлер содан бері қолдан келген ем-домын жасаған. Дегенмен, ақхалаттылар алтыншы баласын дүниеге әкелген 30 жастағы келіншектің өмірін сақтап қала алмады.

Вячеслав ЦАЙ, Облыстық клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі:

– «Науқас 8 қазан күні сағат 10: 30 да көз жұмды. Алдын ала диагноз бойынша оған „гепатит Д„ және „гепатит В„ вирусы қойылған. Ол бауыр ауыруына байланысты арнайы есепте тұрған. Әйел 3 деңгейлі комада жатты. Мидың ісігі де анықталған. Алайда „Гепатит Д„ науқастың бойында қашан пайда болғаны белгісіз. Біз тек осы дерттің бар екенін анықтадық. Өте көп ауру қатары бар. Біздің клиникаға 2 қазан күні ауыр жағдайда түскен. Содан бері 3 рет телемедицина арқылы кеңес алдық. 2 рет кордиология орталығының мамандарымен кеңестік жұмыс істедік. 1 рет Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығынан кеңес алғанбыз».

09_10_2-20-mp4_snapshot_02-12_-2017-10-09_17-37-44

Айта кетсек, осыған дейін Астанадан келген акушер гинеколог науқасты бір рет тексерген екен. Ал соңғы үш күн бойы Алматы қаласы кардиология орталығынан келген дәрігер, науқастың қасында болған. Еске салсақ, науқастың беті бері қарамаған соң жергілікті дәрігерлер Алматыдан білікті мамандарды шақыртқан болатын. Себебі науқастың жағдайы қиын кезде республикалық деңгейдегі дәрігерлерді шақыру бұрыннан тәжірибеде бар. Алайда сәбилі ананың өміріне араша түсуге асыққан алматылық ақ халаттылар діттеген жерге жете алмай, өздері ажал құшты. 3 қазанда East Wing әуекомпаниясының АН-28 ұшағы, 12 минут өткенде радардан жоғалып кетіп, апатқа ұшыраған. Салдарынан әуе кемесіндегі 5 адамда көз жұмған.

Марқұм болған 30 жастағы келіншектің мүрдесі туған жеріне жіберіліпті. Ал 4 келі 520 грамм болып туылған нәрестеге Береке деп есім берген. Қазір сәбидің денсаулығы жақсы. Бүгінде бірден алты бала анасынан айырылып жартылай жетім атанып отыр. Марқұмның туыстарына “TVK” арнасының ұжымы көңіл айтады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*