Басты » ТКШ » АСФАЛЬТ АДАМНЫҢ САЛМАҒЫНА ҮГІТІЛІП ЖАТЫР

АСФАЛЬТ АДАМНЫҢ САЛМАҒЫНА ҮГІТІЛІП ЖАТЫР

Клара Цеткин көшесіне көптен күткен асфальт төселуде. Бірақ, жолдың сапасы жұртың көңілінен шықпай отыр. Себебі жаңбыр жауса қайтадан тас-талқаны шығады,-дейді шырылдап. Ал, тірлігін тездетіп тындыруды көздеген мердігер компания, жұмыстан мін табу мүмкін емес деп отыр.

09_10_2-22-mp4_snapshot_00-48_-2017-10-09_18-07-49

Үш жыл қатарынан елдің шыдамын тауысқан «Су ресурстары» маркетингі ақыры Клара Цеткин көшесін қалыпқа келтіре бастады. Тек, уәде еткен тақтайдай тегіс жол көрінбейді. Жыртығы жамалғаны болмаса, өзгерген ештеңе жоқ. Ал, мердігердің жұмысына салғырт қарағаны көптің ашуын келтіруде. Айтуларынша, жұмысшылар жұқа асфальт төсегенімен қоймай, кей жерлерді тіпті ұмытып кетіпті.

Тұрғын:

– «Сапасын көріп тұрсыздар ғой. Әлден бұзылып жатыр мына жер. Бізге тек автобус жүрсе болды,-деп едік. Істеп жатқан жұмыстары мынау. Ал, ана жерде жарты асфальттің жартысын істеген жоқ. Өйткені біз кеше айттық. Мынау дұрыс емес десек, қарағанда жоқ».

Су жаңа жолды қиратқандар, құбыр ауыстырып біткесін көшені бұрынғы қалпына келтіруі тиіс еді. Бірақ, олай болмады. Шыдамы таусылған халық ақыры шу көтеріп, жөндеуге келген техниканың жолын жапқан. Асфальтттің сапасыз екенін бетіне басып, жұмысшыларды Клара Цеткиннен қуып шығыпты.

Расима МҰХАМЕДИЕВА, К.Цеткин көшесінің тұрғыны:

– «Бізді мазақ қылғандай кеше тротуарға арналған техника алып келіпті. Басқа ештеңесі жоқ. Сөйтіп, біз жолды жауып тастадық. Ешкімді кіргізбейміз дедік. Себебі, мына жерді қараңызшы. Мынау ескі жол, міне жаңасы. Қалай болса солай істелген. Екі көлік қатар келсе сыймай қалады».

09_10_2-22-mp4_snapshot_01-28_-2017-10-09_18-08-06

Көшенің астаң-кестеңі шығып жатқаны жүргізушілердіңде шамына тиген. Үш жыл бойы батпақ кешіп, шаң жұтқан олар жаңадан төселген жол бір қысқа шыдамайды,- дейді. Өйткені, асфальт көлік емес, адамның салмағына үгітіліп жатыр.

Хайрулла УМАРОВ, жүргізуші:

– «Жаңбыр жауғанда жолға шығамыз жүкпен. Машинамыз құлап жатыр шұңқырларға. Оларға барып трактор бер, сүйреп шығарайық десек, ешкім қарамайды. Бастық жоқ деп отыра береді».

Осы мәселеге қатысты мамыр айында жиын болған еді. Сол кезде «Су ресурстары маркетингі» мекемесінің басшылығы жолдың осылайша жайрап жатқаны үшін ұялатынын айтқан еді.

09_10_2-22-mp4_snapshot_02-28_-2017-10-09_18-08-23

Бейсенғали ҚАЛМҰРЗАЕВ, «Су ресурстары маркетингі» ЖШС басшысының орынбасары:

– «Асфальтті бастаймыз. Себебі, бізгеде ұят осылай жатқаны. Біз қашан, апрель, майда жасап тастайтын едік».

Ал, өткен жылы асығыс жасалған Қапал батыр көшесінің сиқы мынау. Бір қысқа шыдамаған жол опырылып, қайтадан жөнделіп жатыр. Ал, мұны көрген халық Клара Цеткин көшесінде осы жағдай қайталанады,- дейді ашынып.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*