Басты » Мәдениет » “КиноАРТ-2015” ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

“КиноАРТ-2015” ФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ

МӘуезов атындағы ОҚМУ-де «КиноАРТ – 2015» Әуесқой режиссерлар байқауы болып өтті. Қазақ киносының дамуына өзінше серпін беретін аталған жоба осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Алғашқы сайысқа 8 бірдей жас режиссерлар қатысып, Ділмұрат Тұрдыматов «Икс» атты фильмі үздік туынды атанған болатын. Ал, биылғы сынақтан қай киногер сүрінбей өтті?

     «КиноАРТ – 2015» байқауына биыл 18 режиссер қатысуға ниет білдірген. Оның ішінен іріктеліп 11 байқауға жолдама алған. Сынға драма, комедия, жанрларындағы қысқа метражды фильмдер түсті. Ұйымдастырушылардың сөзінше байқауға қатысушылардың ішінде өткен жылы бақтарын сынағандары да бар екен. Сондай-ақ, кино әлеміне алғаш рет келіп тұрғандар да осы байқаудан табылды.

     Еркебұлан ЖОЛДАСОВ, ұйымдастырушы:
     – Басты мақсаты өңіріміздегі киноға қызағатын таланттарды қолдап, оларға демеу көрсету және үлкен кино өнеріне жол ашу.

     Бұл байқауға қатысушылар үшін қойылған өзіндік талаптары да бар. Түсірген фильм 10 минуттан аспауы керек. Сонымен қатар анайы бейнелердің болмауы басты назарда болса, қойылған картинаның берер тәрбиесі де оңды болуы да қатаң қадағалауда. Өткен жылы бағын сынап бас жүлдені қанжығасына байлаған жас режиссер өткен жылмен салыстырған да айтарлықтай жетістіктердің барын айтады.

      Ділмұрат ТҰРДЫМАТОВ, жюри, «КиноАРТ – 2014» байқауының жеңімпазы:
     – 2014 жылы қатысқан фильмдерді мына жерге алып келетін болсақ, деңгейі төмен болатын еді. Осыдан-ақ байқауға болады, жастардың киноға деген қызығушылығы мен тәжірибелері артып келеді.

     Фестивальге кино, театр саласында еңбек етіп, мәдениеттің дамуына сүбелі үлес қосып, жүрген азаматтар қазылық етті. Соның бірі бір қатар белгілі жобалардың продюсері алматылық Жәнібек Мадиев.

     Жанибек МАДИЕВ, продюсер:
     – Мұндай жобалар өте қажет. Фестивальдер өте көп керек. Өйткені қазір көптеген жас режиссерларымыз бар, операторларымыз бар. Солардың дамуы үшін, өрлеуі үшін осындай сайыстар керек. Жалпы бәсекелсіктік болмаса дамиды, болмаса қайдан болсын.

     Сайыс қорытындысы бойынша «Үздік ер», «Үздік әйел» образдары, «Үздік сценарий», «Үздік тақырып», «Үздік монтаждық жұмыс», «Үздік музыкалық композиция» және «Үздік сюжет» пен «Үздік операторлық жұмыс» номинациялары сәйкесінше өз иелерін тауып жатты. Ал, топ жарып үздік үштікке ілігіп үшінші орынды иеленген «Қосплей» фильмімен Айдос Абдикариев болды. ІІ орын «Қалам» шығармасын алып келген Үсен Баубекке бұйырса, бас жүлдені Нұрсұлтан Әділханов жеңіп алды. М. Әуезов атындағы ОҚМУ-гі «Режиссура және артерлік өнер» кафедрасының түлегі қойған «Ойлан» атты туындысы қоғамның дертіне айналған мәселені қозғап, көптің көңілінен шықты.

     Нұрсұлтан ӘДІЛХАНОВ, «КиноАРТ – 2015» байқауының жеңімпазы:
     – Бүгінгі көңіл-күй керемет. Баршасына рахмет айтқым келеді. Қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын.

     Енді «КиноАРТ – 2015» фестивалінің жеңімпазы Алматы қаласында өтетін республикалық кинобайқауға қатысатын болады. Жерлесімізге онда да жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспіз.

Қанат БАЙСОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

бір пікір

  1. Жеңісің құтты болсын!Өнерлерің өрге бассын.

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*