Басты » Медицина » МҮГЕДЕК ҚЫЗДАРҒА АУДАН ӘКІМІ БАСПАНА АЛЫП БЕРМЕК

МҮГЕДЕК ҚЫЗДАРҒА АУДАН ӘКІМІ БАСПАНА АЛЫП БЕРМЕК

Мүмкіндігі шектеулі апалы сіңілі қыздардың пәтер алуына Шардара ауданының әкімі Болатбек Қыстауовтың өзі көмектесетін болды.

04_10_2-7-mp4_snapshot_02-17_-2017-10-04_19-34-16

Осыдан бір апта бұрын Мұратқасымовтар отбасының жағдайы туралы бейнематериал дайындалған болатын. Ақпарат эфирден шыққан соң, жергілікті билік өкілдері жарым жандар тұратын үйге барған. Жанұядағы қиындықтармен танысқан аудан басшысы үй мәселесін шешуге уәде берді. Сондай-ақ, тума сал дертіне шалдыққан сіңілсі мен төсек тартып қалған апасына қамқор болып келген 24 жасар, 1 топтағы мүгедек Әселхан әкімшілік тарапынан Арыстанбаб, Түркістанды аралауға жіберілген. Әселханмен қатар аудандағы 15 мүмкіндігі шектеулі тұрғындарда саяхаттауға аттаныпты. Ал туылғаннан сал дертіне шалдыққан 16 жасар Жаңылға қысқы киім табысталған.

04_10_2-8-mp4_snapshot_00-44_-2017-10-04_20-19-55

Ал, Әселханның арманының бірі — Жаңылды тиісті мекемеде емделіуіне жергілікті ақхалаттылар барынша ат салысып жатырмыз,- деп отыр. Олар арнайы телемедицина арқылы Шымкенттік дәрігерлерге өтініш білдірген. Алайда, үшінші мегаполиске қаралуға жолдама беру үшін екі аптаға жуық уақыт керек екендігін алға тартқан. Қазір тума сал ауруына шалдыққан Жаңыл Мұратқасымның бойындаағы 5 дерттің бар екендігі анықталып отыр. Айта кетейік, бүгінде тума сал дертіне шалдығып, артынан жасөспірімнің бойында бес дерттің бар екендігі анықталған. Сүйегі желінген Жаңылдың, ұршығына шұғыл ота жасату керек. Алайда, қысқа жіп күрмеуге келмейді. Операцияға жұмсалатын қаржыны төлеуге отбасының мүмкіндігі жоқ . Сондықтан қайырымды жандардың көмегіне жүгінуден басқа амалдары қалмаған. Анасынан ерте айырылған ағайынды қыздарға көмек берем деушілер экранда көрсептілген нөмірге хабарласа алады.

Аселхан Мұратқасымованың нөмірі: 8747 590 94 94 Халық Банк шот нөмірі: 4402 5735 5320 8978

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*