Басты » Спорт » АСЫҚ АТУҒА БАР-ЖОҒЫ 5 КОМАНДА ҚАТЫСҚАН

АСЫҚ АТУҒА БАР-ЖОҒЫ 5 КОМАНДА ҚАТЫСҚАН

Асық атудан қаламызда ел кубогы жалауын көтерді. Ақбидай» ауыл ойындарынан кейін, екінші рет өткізіліп жатқан жарыста барлығы 5 команда қатысты. Ел аумағынан бас қосқан бақ сынаушылардың аламаны, алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

syuzhet-asy-chki-mp4_snapshot_00-17_-2017-10-10_13-41-36

Асық ату спортынан қаламызда басталған ел кубогына барлығы 5 команда келген. Атап айтсақ, Астана қаласы, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстары. Айта кетейік, аталмыш спорт түрінен еліміздегі республика кубогы алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бұған дейін асық атудан жарыстар Ақбидай ауылдық ойындарында болған еді.

syuzhet-asy-chki-mp4_snapshot_01-27_-2017-10-10_13-42-18

Барлығы 70 қатысушының басын қосқан жарыста бақ сынаушылар асық ату мен бес асықтан өзара мықтыны анықтады. Яғни, ерлер асық атудан жарысса, нәзік жандылар бес асықтан сайысқа түсті. Солардың бірі- Назерке Серікбаева . 11- сынып оқушысы бұл спортқа 2 жыл бұрын бет бұрған екен. Содан бері республикалық 3 жарыста өнер көрсеткен ару аталмыш аламанда топ жаруды алға қойып отыр. 
Еске сала кетейік, апта бұрын ғана асық ату спортынан облыс біріншілігі ұйымдастырылған болатын. Өңірімізде алғаш рет өткізілген жарыс жалғасы ел кубогына ұласты. Аламан алдағы уақытта та өз жалғасын таппақ.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*