Басты » Қоғам » “АЛТЫН ДӘННІҢ” ӨНІМІ АРЗАН БАҒАМЕН САТЫЛЫП ЖАТЫР

“АЛТЫН ДӘННІҢ” ӨНІМІ АРЗАН БАҒАМЕН САТЫЛЫП ЖАТЫР

Кәсіпкерлер палатасы бизнесмендерді қолдаудың тағы бір жолын ойлап тапты. Ендігі жерде палата ай-сайын тұрақты түрде жәрмеңке ұйымдастырып, отандық өнімдерді насихаттап тұрмақ. Жергілікті тауар өндірушілер, бұл жолы базардағы бағамен жарысқан жоқ.

10_10_2-9-mp4_snapshot_00-17_-2017-10-10_13-54-31

Жәрмеңкеге қатысқан 50- ге жуық компания азық -түліктен бастап, тұрмыстық заттарды әкелген. Мұндағы баға нарықтан 20 пайызға төмен. Мәселен, күнделікті тұтынымдағы жуаның бір келісі 60 теңге. Жергілікті алманың құны 200 теңгенің төңірегінде. „Алтын дән„ компаниясы да барлық өнімдерін арзан бағада саудалады.

Мұрад Максумов, „Алтын дән„ компаниясының сауда бойынша өкілі:

– «Ия, біз мұнда он төрт түрлі өнім алып келдік. Көбіне «Алтын дән» компаниясының ұн өнімдері, құрты мен майы көпшілктің сұранысына ие. Бағасын көтерме бағамен сатудамыз».

10_10_2-9-mp4_snapshot_01-09_-2017-10-10_13-54-45

Қала тұрғыны Қайрат Көлбаев бұл жәрмеңкені жақын туысынан есітіп келген. Азық түліктердің бағасыда көңілінен шықты. Ол алдағы уақытта да осындай жәрмеңке өткізілсе,- деген өтінішін білдірді.

Дәл осы жәрмеңке енді айына бір рет өткізілетін болады. Онда тек отандық тауарлар ғана сатылады. Ұйымдастырушылар осындай шаралар арқылы өз кәсіпкерлеріміздің өнімдеріне сұранысты арттырмақ.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*