Басты » ТКШ » ЖЕРАСТЫ ӨТКЕЛІ ЖУЫРДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

ЖЕРАСТЫ ӨТКЕЛІ ЖУЫРДА ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Рысқұлов көшесі бойындағы жерасты өткелінің құрылысын тексерді.

12_10_2-8-mp4_snapshot_00-13_-2017-10-12_13-22-00

Рысқұлов көшесінің бойындағы Самал базары маңындағы қозғалыс қазан айының соңында қалпына келтіріліп, қараша айында жерасты өткелі ашылады. Бастапқы жобаға сәйкес, жерасты өткелінің құрылысы 2018 жылы аяқталуы тиіс болатын. Дегенмен, мердігер нысанның құрылысын мерзімінен бұрын аяқтауда. Қазір әрлеу жұмыстары атқарылып жатыр. Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов жерасты өткелінің айналасы жабайы саудаға айналып кетпесі үшін сол маңайға бөгет орнатуды ұсынды. Бұл өткел маңында полиция бекеті де ашылады. Бұл, бір жағынан, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етсе, екінші жағынан жабайы сауданың алдын алуы тиіс.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*