Басты » Мәдениет » “ХАНҚОРҒАН” ТУРИСТЕР АҒЫЛАТЫН НЫСАНҒА АЙНАЛАДЫ

“ХАНҚОРҒАН” ТУРИСТЕР АҒЫЛАТЫН НЫСАНҒА АЙНАЛАДЫ

Өңірімізде рухани жаңғыру бағдарламасына сәйкес тағы бір жоба іске аспақ. Алдағы уақытта Абылайханның соңғы күндері өткен Ханқорған қалашығы зерттелеп, туристік нысанға айналады. Ол үшін облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасымен арнайы жұмысшы топта құрылған. Тарихи жобаны іске асыру мақсатында өңір басшысы, археолог ғалымдардың басын қосып, киелі мекенде арнайы жиын өткізді.

12_10_2-5-new-mp4_snapshot_00-10_-2017-10-12_13-31-26

Алдымен Жансейіт Қансейітұлы Ханқорған қалашығын аралап шықты. Тарихи оқиғаға бай мына орында енді толық археологиялық қазба рестоврация және консервация жұмыстары жүргізіледі. Содан соң, қалашық туристер көптеп келетін нысанға айналады,- деген жоспар бар. Сондай-ақ осында ашық аспан астындағы мұражай салынбақ. Өңір басшысы бастаған бір топ мамандар киелі жерде аруақтар рухына құран бағыштады.

12_10_2-5-new-mp4_snapshot_01-37_-2017-10-12_13-31-48

Осыған дейінгі археологиялық қазба жұмыстары толық аяқталмаған. Мамандардың сөзінше әлі 90 пайызға жуық жұмыс атқарылу қажет. Нәтижесінде археологтар тарихи тың деректер тауып, жобаға енгіземіз,- деп отыр. Археологтар алдын ала жасалған бағдарлама нұсқасын бір жетінің ішінде әкімдікке ұсынбақ.

Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ, ОҚО әкімі:

– «Осындай жаңа бағытпен осы Ханқорған қалашығын Абылайдың ставкасы болған, цитадель болған осы жерде зерттеу жұмыстарын бастаймыз. Жұмысшы тобы қазір құрылды. Сондықтан ОҚО-да осындай қалашықтар көп. Сидат, Әл Фараби туылған Оқсыз қалашығы. Сайрам Исфиджабтан бастап сонау Сауран одан өтіп, Сығанаққа дейін көптеген қалалар болған.

12_10_2-5-new-mp4_snapshot_02-38_-2017-10-12_13-32-12

Оңтүстік осындай тарихи қалашықтарға бай мекен. Сондықтан бұдан өзгеде орындарға байланысты жобалар қолға алынады. Бұл рухани жаңғыру бағдарламасына сәйкес кезең-кезеңімен іске аспақ. Ең бастысы киелі мекенге ішкі және сыртқы туристерді көптеп тарту.

– «Ал, Ордабасы қазіргі жағдайда мына күйінде болашақта кіргенде үлкен алаң бар. Осы қорығы 1170 гектар. Соны абаттандыруымыз қажет тағзым ететін жерге айналдыру керек».

Бұл жиын Ханқорған қалашығындағы жобаны іске асыру бойынша жасалған алғашқы қадам. Әлі нақты құжаты белгіленбеді. Бары тек болжам ғана. Мұндағы толық зерттеу жұмыстары аяқталған соң, Ханқорған қалашығын туристік нысанға айналдыру жұмыстары іске асатын болады.

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*