Басты » Білім » МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ ЖАНАТ ТӘЖИЕВАҒА ӨЛЕҢ АРНАДЫ

МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ ЖАНАТ ТӘЖИЕВАҒА ӨЛЕҢ АРНАДЫ

Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиелеуге арнаған ұлағатты ұстаздар марапатталды. Қалалық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Бекназаров, бір топ мұғалімнің мерейін үстем етті. Білім бөлімінде ұйымдастырылыған мерекелік жиында, шахардың бас ұстазына деген құрмет, өлең шумақтарымен жеткізілді.

12_10_2-12-mp4_snapshot_00-19_-2017-10-12_18-19-41

Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға„- деп бекер айтылмағаны айдан анық. Осы бір орайлы сәтте, болашақ ұрпақтың сапалы білім ауылына салмақты үлес қосып жатқандардың жұмысына, бас бармақпен баға берілді. Аянбай еңбек еткендер ешқашан ескерусіз қалған емес. Қалалық мәслихат хатшысы Нұрлан Бекназаров, мұғалімдер мен мектеп директорларын марапаттап, көңілдерін бір марқайтып тастады.

12_10_2-12-mp4_snapshot_01-12_-2017-10-12_18-19-57

66 мектептің мұғалімі Кәрімжан Камалов 15 жылдан бері бала тәрбиесімен айналысады. Өз ісіне адал берілген ұстаз, әр табысталған алғыс хаттың өзіндік орны ерекше,- дейді.

Көрсетілген құрмет, ұстаздардың мерейін үстем етті. Жанат Арысбекқызы, мәслихат хатшысының бұл құрметіне, шексіз алғысын білдірді. Шағын мерекелік жиын, шығармашылыққа жаны жақын директордың бас ұстазға арнаған өлең шумағымен қорытындылады.

Ардақ БЕРДЕН

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*