Басты » Қылмыс » МЕКТЕП ОҚУШЫСЫН 2 ТОННА МАҚТА БАСЫП ҚАЛҒАН

МЕКТЕП ОҚУШЫСЫН 2 ТОННА МАҚТА БАСЫП ҚАЛҒАН

Мақта теруге барған мектеп оқушысы ажал құшты. Оқиға 10 қазан күні Ордабасы ауданы Төрткүл ауылында болған. Жеке шаруаның жұмысына жалданған 16 жастағы бозбала тіркеменің үстінде ұйықтап қалыпты. Оны өзге жұмысшылар байқамай, арбаға екі тонна өнім тиеген. Сөйтіп, мақтаның арасында қалған бала тұншығып көз жұмған. Мәйіт тек келесі күні мақта өткізу пункітінде табылған. 

12_10_2-21-mp4_snapshot_00-02_-2017-10-12_18-42-34

16 жастағы Бақдәулет Өтебай түнгі сағат 2-лер шамасында үйінен шығып кеткен. Жанында өзі қатарлас ауыл балалары болыпты. Олар Төрткүлге жақын маңдағы егіс алқабына мақта жинауға барған. Арадан біршама уақыт өткенде балалар трактор тіркемесіне мініп ұйықтаған. Ал, Бақдәулет болса өзгелерден бөлініп, басқа тіркемеде жалғыз жатыпты. Осы кезде, арнайы техника екі тоннаға жуық мақтаны Бақдәулет Өтебайдың үстіне аударып жіберген.

Гүлвира ДӘУЛЕТОВА, марқұмның әпкесі :

– “Көрсеңіз, баланың мұрнынан қан аққан. Ауа жетпеген. Бәрін өзім көрдім ғой. Кәдімгідей сығылған. Екі тонна мақта үстінен түскен. Ол азанда хлоп пунктте төгілген. Ал, мақта поляда түнгі екіде артылған. Есептеңіз алты сағат жатқан. Бала шыдамайды ғой. Жүрегі шыдамайды”.

12_10_2-21-mp4_snapshot_00-55_-2017-10-12_18-42-55

Мектеп оқушысы мақтаның астында қалғанын ешкім білмеген. Жұмыс беруші болса, оны үйіне қайтып кетті,-деп ойлапты. Сөйтіп, егістіктегі жұмысын жасап жүре берген. Тек, таң атқанда жиналған «ақ алтынды» қабылдау бекетіне өткізбек болған. Осы кезде 500 теңгеге жалданған 16 жастағы баланың мәйіті мақта арасынан табылған.

Бақтияр ОМАРОВ, Мақта қабылдау бекетінің күзет бастығы:

– “Мақта, енді сәл бет жағында болса шығуға болатын еді. Енді ұйықтап жатқан бала, үстіне түскеннен кейін шамасы келмеген. Қай жерінде қалғанын білмейміз ғой. Ол поляның басында болған. Осы жерге келіп төкті. Сол кезде шықты”.

Аталған жағдайға қатысты облыстық ішкі істер департаменті пікір білдірді. Тәртіп сақшыларының айтуынша қазір қылмыстық іс қозғалған. Сондай-ақ, бірнеше сараптама тағайындалыпты.

12_10_2-21-mp4_snapshot_01-46_-2017-10-12_18-43-04

Салтанат ҚАРАКӨЗОВА, ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы:

– “ҚР ҚК 156 бабы «Еңбек қорғау ережелерін сақтамау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ордабасы ПБ бірыңғай тергеп-тексеру тізіміне тіркелді”.

Ал, жұмыс беруші баласын жоқтаған анадан кешірім сұрап келмепті. Сондықтан Бақдәулеттің туыстары кінәлілер жауаптан жалтарып кетпей, тиісті жазасын алсын,-деп отыр.

Нұрсұлтан ТҰРЫСБЕКОВ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*