Басты » Мәдениет » КӘСІБИ ШАШТАРАЗ БАЛАЛАРҒА ТЕГІН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ

КӘСІБИ ШАШТАРАЗ БАЛАЛАРҒА ТЕГІН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ

Әсемдік салонының мамандары қайрымдылық акциясын ұйымдастырды. Кәсіби шаштаразшылар кәмелет жасқа томағандарды бейімдеу орталығына барып, балаларға стильді шаш үлігілерін тегін жасап берді. Жасөсірімдердің алғысына бөленген шаштаразшылар мұндай акцияны енді қарттар үйінде өткізбек.

13_10_2-16-mp4_snapshot_00-15_-2017-10-13_17-57-13

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы бұл күні нағыз әсемдік салонына айналды. Мұндағы бет әрлеуші, шаштараз, тырнақ күтімімен айналысатын мамандар бүлдіршіндерге қалаулары бойынша ақысыз түрде қызмет көрсетті. Акцияға сән салонының 15-ке жуық маманы қатысып, шеберліктерін ұсынды. Сән салонының мамандарына шараны ұйымдастыруға қайырымды жандар қол ұшын берген.

Қарлығаш ОРАЗБЕК, шебер:

– «Ұйымдастырылған шара ең бірінші балаларға көңіл күй сыйлау, осыларды қуанту. Бір күнімізді арнап, оларға бар өнерімізді салдық. Мұнда түрлі салоннан жиналған мамандар бар. Осындағы 27 бала бар деп біліп келдік. Олар өздері қалаған шаш үлгісін қиып беріп, қыздар өздерін ханшайымдай, ұлдар ханзададай сезінсін дедік».

13_10_2-16-mp4_snapshot_01-40_-2017-10-13_17-57-39

17 жастағы Асылмұрат Усипов бейімдеу орталығына бір ай бұрын түскен. Айтуынша бұл мекемеде қайырымдылық шара қатары жиі ұйымдастырылып тұрады. Жасөспірім кәсіби мамандардан танымал актер Джеки Чанның шаш үлгісін жасап беруді сұрап отыр.

Асылмұрат УСИПОВ:

– «Әрине оларға бірінші алғысымызды білдіреміз. Менің бүгінгі жасататын шаш үлгім өзім баяғыдан бері жасаймын. Аты нақты есімде жоқ кино актерларына ұқсайды. Джеки Чандыкіне ұқсайды, бірақ ол сызық түсірмейді мен түсіремін.

Кәсіби шаштаразшылар жұмыспен қамту орталығында мемлекеттік бағдарлама аясында осы кәсіптің теориясын ақысыз түрде меңгерген. Үш ай бойы түрлі сән салонында қызмет еткен шеберлер бір айдан соң бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл күй сыйлау үшін мекемеге қайта келмек ниетте. Сондай-ақ сән әлемі акциясын қарттар үйінде де өткізуді көздеді.

Азиза МАДИЯР

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*