Басты » Мәдениет » ШЫМКЕНТТЕ БЕЛГІЛІ КОМПАЗИТОРЛАРДЫҢ ӘНДЕРІ ШЫРҚАЛДЫ

ШЫМКЕНТТЕ БЕЛГІЛІ КОМПАЗИТОРЛАРДЫҢ ӘНДЕРІ ШЫРҚАЛДЫ

Арыс жағасында„ ретро фестивалі 8-ші рет ұйымдастырылды. Өнер мерекесіне күнгейде туылған композиторлардың туындылары арқау болды. Талантты әншілер әр туындыларды жүрекпен орындап, көрермендерді өткенге оралтты.

16_10_2-5-mp4_snapshot_01-12_-2017-10-16_16-21-01

Фестивальдың бастауы — Қазақстанның халық әртісі, белгілі сазгер Шәмші Қалдаяқовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды. Өңір басшысы мен зиялы қауым өкілдері мәдениет майталманының өнерін ұлықтап, құрметін көрсетті. Өнердің өлкесі атанған Оңтүстік өңірі — ретро фестивальды 2010 жылдан бері тұрақты түрде өткізіп келеді. Алғашқы шара Шәмші Қалдаяқовтың 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған еді. Бұл шараның күнгейліктер үшін маңызы жоғары.

Жансейіт Түймебаев, ОҚО әкімі:

– «Фестиваль- Елбасының болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасымен тікелей үндесіп жатыр. Ұлттық өнеріміз бен руханиятымызды жаңа заманға сай дамытып, насихаттау біздің негізгі парызымыз».

Дәстүрлі түрде өткізілген фестивальда белгілі композиторлар Ержан Серікбаев, Мұхтар Құралов, Тұрдықылыш Ізтай, Құралай Сәтмұханбетова мен Лесбек Амановтың туындылары орындалды. Шырқалған әрбір ән үйлескен хореографиялық композициялармен әрленіп, жүректерге жетті.

16_10_2-5-mp4_snapshot_01-33_-2017-10-16_16-22-24

Шараға қатысып, әсем әнді әуелеткендердің бірі — «Сарын» тобы. Жуырда ғана өнер айдынына қадам басқан топ, Лесбек Амановтың „Қара бауыр қасқалдақ„ әнін орындады. Олар ел тарихындағы зұлматты жылдарды халықтың көз алдына келтіріп, көңілдерін толқытты.

Сарын„ тобы:

«Қара бауыр қасқалдақ» өте тарихи 1986 жылы шыққан ән. Осы ән бізге бұйырды. Ойдағыдай орындадық. Бұл әннің бізге бұйырғанына қуаныштымыз.

Шәмші әлемі„ гүлзарында өткен фестивальды тамашалауға халық көп жиналды. Жыл сайын шараның ауқымы кеңейіп, деңгейі жоғарылап келеді.

Таңшолпан АРМАНҚЫЗЫ

Сайт әкімшілігі ескеретеді! Егер сіз балағат сөздер немесе өзгелердің ар-намысына тиетін пікірлер жазып қалдырсаңыз, сайт әкімшілігі жазбаңызды жарияламайды!

Пікір қалдырыңыз

Сіздің email-ңіз еш жерде көрсетілмейдіМіндетті түрде толтырыңыз *

*